Қазақстанда озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуға шектеу қойылуы мүмкін: құжат ашық талқылауға шығарылды
Ұлттық экономика министрлігі, Өнеркәсіп және энергетика министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі және Қаржы министрлігі тиісті құжатты Ашық НҚА сайтында ашық талқыға шығарды.
Жарияланған бұйрықтың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 308-баптың 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету.
Құжат 2024-2025 жылдар кезеңінде озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталары) бекітуді көздейді. 2024 жылға 4,5 тонна, 2025 жылға 0 тонна квота белгіленген. Талқылау 2024 жылдың 20 ақпанына дейін жалғасады.
«Цифрлар Еуразиялық экономикалық одағының мүше мемлекеттерге үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге рұқсат беру тәртібі қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасының Тараптары Отырысының шешіміне сәйкес (№ XXIX/14, 2017 жыл) белгіленген», – деп жазылған оның мәтінінде.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелген.
Еске сала кетейік, Экологиялық қызмет түрлері бойынша ең көп шығын атмосфералық ауаны қорғауға кетеді. Клииматтың өзгеруі проблемаларына жұмсалады. 2022 жылы елімізде оған 127,9 млрд теңгені құраған. Одан кейін ағынды суларды тазарту мәселесі тұр. Суға мемлекет 113 млрд теңге, қалдықтарды өңдеуге – 107 млрд теңге бағыттады. Қоршаған ортаны қорғаудың басқа да салаларына-64,7 млрд теңге бөлген. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың 92,7%-дан астамы өндіріс саласына. Қаражат көлемі – 272,3 млрд теңгені құрайды.
Бұл шығындар негізінен кәсіпорындардың меншікті қаражатынан қаржыландырылады. Оның көлемі 2022 жылы 354,2 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге бұл салған өткен жылы жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен – 5,1 млрд теңге бөлінген.