Жаңалықтар

«Smart city»: елімізде ақылды қалалардың эталондық стандарты енгізіледі

«smart city» тұжырымдамасы
Қала инфрақұрылымына «smart city» тұжырымдамасы енгізіледі / Фото: kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілетін Ұлттық жоспарға сәйкес қалалар мен елдімекендерді салғанда «smart city» тұжырымдамасы қолданылады. Яғни барлық сала, барлық процесс цифрландырылуға тиіс. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Ұлттық даму жоспарында айтылған.

«Қазақстанның барлық қаласында Астана мен басқа да елдімекендердің тәжірибесін ескеретін және ресурстарды ұтымды пайдалану мен басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейтін ҚР «ақылды қалаларының» эталондық стандарты негізінде «smart city» тұжырымдамасы іске асырылатын болады», – делінген құжатта.

«Smart city» тұжырымдамасына сәйкес цифрлық технологиялар білім беру, көлік және логистика, жол инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік сала, қала басқармасы, туризм, мәдениет және экологияны қоса алғанда, қалалардың тыныс-тіршілігі салаларына түгелдей енгізілетін болады.

«Ақылды» қалалардың элементтерін енгізу кезінде бірінші кезекте қаланың ағымдағы сын-тегеуріндеріне сәйкес ЖАО дайындаған стратегияға негізделу қажет. Қала тұрғындарын толғандыратын проблемалар, сондай-ақ «Ақылды» қала компоненттерін енгізудің басымдығы ескерілуге тиіс. Мұндай жұмыстың нәтижесі Қазақстан қалаларының ақылды қалалардың халықаралық рейтингтерге кіруіне, бұл елдің имиджі мен инвестициялық тартымдылығының өсуіне ықпал ететін болады»,–делінген құжатта.

Бұдан әрі қарай «smart city» тұжырымдамасын елдімекендердің басқа түрлеріне де пайдаланылатын болады.

Сонымен бірге ұлттық жоспарға сәйкес ескі тұрғын үйлер жаңартылады. Орта есеппен алғанда қаланың бір тұрғынына 25,8 шаршы метр тұрғын үйден келеді екен. Бұл БҰҰ ұсынған 30 шаршы метрлік стандарттан төмен. Ірі қалаларда пайдалану мерзімі 30 жылдан асатын үйлердің үлесі жоғары. Мәселен, ел бойынша үйлердің 58%-ы 1991 жылға дейін салынған, ал облыс орталықтарында оның үлесі 53% құрайды. Елдегі тұрғын үйдің тағы бір маңызды проблемасы 2 мыңға жуық апатты үй бар. Онда (жалпы ауданы 541 мың шаршы метр), онда 30 мыңға жуық адам тұрады.

Жоспарға сәйкес еліміздің әрбір өңірінде ескі тұрғын үйді қайта жаңартудың өңірлік бағдарламалары іске қосылады. Қайта жаңарту бағдарламаларында үлестік құрылыс тетігін қолдану мүмкіндіктері пысықталады. Оған сәйкес ескі тұрғын үй иелері салынып жатқан тұрғын үй объектісінің үлескерлері болып танылады.