2025 жылы Абай шахтасы бірден екі лаваны ұңғылауға дайындайды
2025 жылы Абай шахтасы бірден екі лаваны ұңғылауға дайындайды. Бұл туралы шахта директоры Андрей Сосунов хабарлады. Аталған кеніште бүгін к18 көмірін өндірумен бірге ұңғыма жұмыстары қайта жанданғанын атап өтті.
«650 мың тонна қоры бар 321к12 лаваны 2025 жылдың қаңтарына қарай іске қосу жоспарланған. 600 мың тонна қоры бар 321к18с лавасына дайындық 2025 жылдың соңына қарай жүргізіледі. Біздің ұжымда 935 қызметкер және 750-ден астам кенші бар. Олар да осындай қалыпты әрі қарқынды жұмысты күтті»,– деді Сосунов.
Qarmet бас директоры Вадим Басин Қарағанды көмір бассейнінің барлық нысанын қалпына келтіру компания үшін басым міндеттердің бірі екендігін атап өтті.
«Көмір департаменті активтерінің жартысынан көбін жұмыссыз ұстау компания үшін де, кеншілер үшін де тиімді емес. Өз шикізатың болмаған жағдайда комбинат көмірді өзгеден сатып алуға мәжбүр. Бұл ретте кеншілер өндірген өнімдері үшін бонустар көрмейді. Жақын арада шахталарды өнеркәсіптік қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес қалыпқа келтіреміз, кеншілерді жұмыссыз қалдырмаймыз», – деп атап өтті Басин.
Qarmet басшылығы 2008 жылы жарылыс кезінде қаза тапқан кеншілерді еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақстандық компанияның инвесторы Андрей Лаврентьев өткен жылдың 28 қазанында Костенко шахтадағы қаза болған құрбандарды еске алу мемориалын салу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Еске сала кетсек, Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі 9 лауазымды адам қамауға алынды деп жазған едік.
46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды»,– делінген есепте.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Костенко» кенішіндегі қайғылы оқиға үшін 19 адам жауапқа тартылатынын айтқан болатын. Министр апатқа қатысты жауапқа қарапайым қызметкерлер емес, лауазымды тұлғалардың тартылатынын мәлімдеді.
ТЖМ басшысының айтуынша, жауапқа инженерлік-техникалық қызмкетерлер тартылады.
«Олардың барлығы жауапты қызметтегі адамдар. Бұл адамдарға қатысты материалдар құзырлы органдарға берілді. Сол материалдар негізінде олар тергеу жүргізіп, сотқа жолдайды»,– деді министр.
Костенко шахтасындағы апат туралы
Еске сала кетсек, 28 қазанда «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды.
Бұл қайғылы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, оны Әлихан Смайыловтың өзі басқарды.
Сонымен бірге шахтада болған апатты Бас прокуратура тексеретінін мәлімдеді. Шахтадаға қайғылы оқиғадан кейін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары кірген.