Жапонияда «Фукусима-1» атом электр стансасында радиоактивті су ақты
Жапонияда «Фукусима-1» атом электр стансасында бета-шығару заттары жоғары радиоактивті су ақты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, радиоактивті судың ағуын станция қызметкері 7 ақпанда сағат 9:00-де байқады. Радиоактивті суды тазартатын жабдықты тексеру кезінде жабылуы керек 16 клапанның он данасы ашық екенін анықтаған.
«5,5 тонна су ағып кетті. Оның едәуір бөлігі топыраққа сіңді. Сұйықтықта радиоактивті цезий мен стронций бар болған. Радиоактивті заттардың мөлшері 22 миллиард беккерельге тең. Бұрын компания мұхитқа жіберілетін судың радиоактивтілігінің өзіндік нормасы литріне 1500 беккерель деңгейінде болған. Ал мемлекеттік норма негізде литріне 60 000 беккерель деңгейінде белгілеген», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Жапония Қытайдың теңіз өнімдеріне тыйым салды. Кейін Жапония зардап шеккен балықшыларға 130 млн еуро бөлді де жазған едік.
Бұған дейін Қытайдың кеден басқармасы Жапониядан барлық теңіз өнімдерін импорттауды тоқтата тұратынын жариялады. Бұл шешім Жапонияның атом электр станциясынан мұхитқа су ағызғаннан кейін қабылданды.
Жапония Үкіметі 24 тамыздан бастап балықшылар мен көрші елдердің, соның ішінде Қытайдың наразылығына қарамастан АЭС-нан Тынық мұхитына су ағызуды бастады.
Бейжіңде Жапония шешімін «халықаралық қауымдастықтың елеулі қарсылықтарына» қарамастан, суды төгу басталғанын атап өтті. Бұл Халықаралық қоғамның мүдделерін елемейтін «өте өзімшіл және жауапсыз әрекет» деп атады.
«Фукусима-1» атом электр станциясындағы апат 2011 жылдың наурыз айында цунами нәтижесінде болды. 2021 жылы Жапония үкіметі арнайы өңдеуден кейін Фукусима 1-ден мұхитқа біртіндеп су ағызу жоспарын жариялады.
Токионың шешімі тұтынушылар осы аймақта ауланған кез келген теңіз өнімдерінен бас тартады деп қорқатын балық аулау саласының өкілдері арасында үлкен наразылық тудырды.
Айта кетейік, Қытай Жапониядан теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатты деп хабарлаған едік.