Жаңалықтар

АҚШ пен Еуропа қор нарықтары көтерілді

АҚШ пен Еуропа
АҚШ пен Еуропа қор нарықтары көтерілді. Фото: kursiv.media

Сейсенбіде АҚШ пен Еуропа қор нарықтары көтерілді: Dow Jones индексі – 0,37%, S&P 500 – 0,23%, Nasdaq Composite – 0,07% қосты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасынының қор нарығына жасаған шолуында жазылған.

Байланыс қызметтері секторын қоспағанда, S&P индексіндегі 11 сектордың 10-ы жасыл түсте жабылды. Palantir Technologies акциялары оптимистік болжамдардың шығуына байланысты 30,8%-ға көтерілген. Жақсы кіріс аламыз деген жаңалықтан соң GE Healthcare акциялары 11,7%-ға өсті.

Еуропа қор нарықтары да сейсенбіде бұған дейінгі табыстарын сақтап қалды: Stoxx 600 индексі – 0,6%, ал DAX 40 – 0,8% қосты. Германияның зауыттарындағы тапсырыстар желтоқсанда 8,9%-ға өскен. Бұл – соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, PMI деректері бойынша, 2024 жыл басында Германияның құрылыс секторында айқын құлдырау байқалады. Bayer акциялары жүріп жатқан сот процесі салдарынан шамамен 2% төмендеді. Жартылай өткізгіш өндіруші Infineon акциялары 1% арзандады. MorphoSys акциялары 15 пайызға қымбаттады.

Бүған дейін ФРЖ-ның ақша-несие саясатындағы сақтық ұстанымы АҚШ қор нарығына кері әсер еткен.

Жапонның Nikkei 225 индексі 0,8%-ға төмендеп, 35 880-ге жетті. Алайда Toyota Motors бүкіл аймақта сатылым жоғары болғанын хабарлаған соң, акциялары 6%-ға өсті. Mitsubishi Corp. акциялары құны 500 миллиард иенге дейінгі акцияларын сатып алу бағдарламасы туралы жаңалықтан 9,5%-ға өсті. Ал Lawson акциялары KDDI-мен келісімге қол қойғаннан кейін 16%-ға қымбаттады.

Қытайдың Shanghai Composite индексі сәрсенбіде 0,9%-ға көтеріліп, 2814-ке жетті. Технология, денсаулық сақтау, энергетика және тұтыну секторларындағы компаниялардың үлесі айтарлықтай өсті: Seres Group (+10%), ChongQing Changan (+5,8%), Wuxi Apptec (+5,6%), iFLYTEK (+2,8%) және Longi Green Energy. (+1,5%).

KASE индексінің мәні 0,45%-ға өсіп, 4 341,54 тармаққа жетті. Өкілдік тізіміндегі мәмілелердің басым бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 1 641. Көлемі жағынан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акциялары басым – 315,6 миллион теңге. Төрт эмитент акциясы өсім көрсетті: «Кселл» АҚ (+4,22%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,81%), «ҚазМұнайГаз» АҚ (+0,19%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,04%).