Тамара Дүйсенова бұрынғы үкіметтің отставкаға кетуі туралы: Кейбір міндеттерді жүзеге асыра алмадық

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Тамара Дүйсенова Үкіметтің отставкаға кетуі туралы – кейбір міндеттерді орындай алмағанын айтты / primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова кулуарда тілшілердің Үкіметтің отставкаға кету себептері туралы сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша бұрынғы министрлер кабинеті кейбір міндеттерді жүзеге асыра алмаған.

 «Бұл кейбір міндеттерімізді жүзеге асыра алдық, кейбірін жүзеге асыра алмадық дегенді білдіреді. Бүгінде экономиканы жаңғырту, экономиканы дамыту бойынша өте үлкен міндет жүктелді. Сондықтан мемлекет басшысы бұл іске тың серпін беру қажет деп шешті», – деді Дүйсенова.

Бұл ретте БАҚ өкілдері «неліктен Үкіметті үнемі ер адамдар басқарады?» деп сұрады.

«Қыздар, бұл әңгіме әйел немесе еркекке қатысты емес екеніне тоқталайық. Бұл жерде бастысы кәсіби маман болу. Бізде өндірісте жұмыс істеп, тұтас министрліктерді басқаратын қыздар көп деп ойлаймын. Менің ойымша, жақсы жұмыс жасасақ мемлекет басшысы бұған назар аударады…» , – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар тілшілер «Смайылов отставкаға кетуі туралы өтінішін орынбасарларымен келісті ме?» деп сұрады.

«Премьер-министр Смайылов өз ұсынысын жариялады. Сіз оның не айтқанын естідіңіздер. Яғни сауалдарыңызға жауап алдыңыздар деп үміттенемін», – деді Тамара Дүйсенова кулуарда.

Бұған дейін, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ажар Ғинияттың не себепті қызметінен кеткендігін түсіндіріп берді. Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде шешілмеген мәселелердің бар екенін айтты. Бірақ бұрынғы министрдің елдің бас дәрігер ретінде өз қызметін жақсы атқарғанын айтты.

Айта кететіні, 5 ақпан Президент Үкіметті отставкаға жіберді.

6 ақпан Үкімет басшысы болып Олжас Бектенов тағайындалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып, депутаттарға жаңа премьер ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Мәжілісте 69 депутат Президенттің ұсынысымен келісіп, 7 депутат қалыс қалды.

Ал, Парламент кулуарында депутат Ермұрат Бапи Смайылов үкіметінде тұтас үкімет әлсіз болған айтты. Ол «бөліп, жаратын ешқайсы жоқ. Үкімет мүшелерінің барлығы жігерсіз еді. Себебі премьердің өзінде мінез болған жоқ», – деді.

Депутаттың сөзінше Олжас Бектенов басқаратын үкіметке қойылған басты міндет – шетелге заңсыз шығарылатын активтерді қайтару болмақ.

Ал, саясаттанушы Дос Көшім министрлер кабинетінің басшысы болып барған адамның экономикалық бағытта үлкен тәжірибесі болуы керек деп санайды. Ол саладағы міндетті, мақсатты жақсы білуге тиіс.

«Үкімет басшысы лауазымына тағайындалатын адамның негізгі бағыты әлеуметтік-экономикалық мәселе болуы керек. Меніңше, премьер-министрдің лауазымына сай келмейді.

Сондай-ақ оқыңыз