Мемлекеттік бюджет тапшылығы 2,8 трлн теңгеге жетіп, 30%-ға артқан

Жарияланды
бюджет тапшылығы

Мемлекеттік бюджет тапшылығы 30 пайызға артып, жалпы шығын көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 5,2 трлн теңгеге өскен. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Бірінші кредиттік бюро хабарлауынша, мемлекеттік бюджет шығыстары бір жыл ішінде төрттен бір есе өскен.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары 26,8 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 24,3% немесе 5,2 трлн теңгеге көп», – деп хабарлайды бюро.

Жалпы шығыстардың негізгі бөлігі білім беру саласына жұмсалған. 2023 жылы бұл салаға 5,8 трлн теңге бөлінген. Ал әлеуметтік көмекке 5,3 трлн теңге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, бірінші салаға екіншіге қарағанда өткен жылы көбірек қаражат бөлінген. Біріншісінің көрсеткіші 28,4% болса, екіншісі, 17,5%-ды құрайды.

Шығыстарға қатысты ең жоғары өсім «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» саласында байқалған. Бұл бағытта 343,6 млрд теңге жұмсалған. Аз қаражат жұмсалды деуге болады. Алайда бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда бір жарым есе өскен. Сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары шамамен бірдей қарқынмен өсіп, 47%-ды құраған. Ондағы сома 1,9 трлн теңгені құрайды.

Сонымен бірге «Қарызды өтеу қызметі» бойынша шығыстар артып, 1,9 трлн теңгеге жеткен. Өсу қарқыны 37%-ды құрайды.

Қорғаныс саласына қанша қаражат жұмсалды?

Бір қызығы, мемлекет қорғаныс шығындарын небәрі 5,1%-ға ғана арттырған. Ал жалпы шығын 1,2 трлн теңгеге жеткен.

Ал мемлекеттік бюджеттің кірісі 24,9 трлн теңгені құраған. Жалпы кірістің төрттен үш бөлігі салық түсімдерінен келген. Оның көлемі – 18,9 трлн теңге. Оның ішінде корпоративті табыс салығынан (КТС) 5 трлн теңге түссе, қосымша құн салығынан (ҚҚС) 5,7 трлн теңге түскен. Ал трансферттердің үлесі 16%-ды құрап, 4 трлн теңге болған.

Осылайша, кіріс пен шығыс арасындағы теріс айырма 2,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Еске сала кетсек, «Курсив» Әлихан Смайылов басқарған екі жылда Үкімет қарызы 54,8 млрд долларға дейін өскені туралы жаздық. Егер 2022 жылдың қаңтарында (премьер болған кезде) мемлекеттік қарыз 43,3 млрд долларды құраса, 2024 жылдың қаңтарында 54,8 млрд долларға жеткен. Елеулі өсім мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің эмиссиясының ұлғаюымен байланысты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 триллион теңге рекордтық мемлекеттік несие алынған. Бірақ соған қарамастан, мемлекет бюджетіндегі тапшылық жабылмаған. Ал Ұлттық қордан аударылатын трансферттер 4 триллион теңгемен шектелген. Қордан бұдан былай кірістен көп қаражат алу мүмкін болмаған.

Сондай-ақ оқыңыз