Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Игорь Мажинов қайтыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Игорь Мажинов қайтыс болды/ Фото: Facebook.com/BankRBK

Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Игорь Мажинов өмірден өтті. Ол 144 млрд теңге ұрлаған банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша шартты мерзімге сотталған болатын. Игорь Мажинов 52 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда жүрегіне ота жасау кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Prosports.kz. басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, соңғы жылдары Мажинов «Қайрат» Алматы футзал клубының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген.

Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғады. «Vertex» ААҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Достық қонақ үйі» АҚ, «ХОЗУ корпорациясы» ЖШС басшылық қызметтерді атқарған. «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2020 жылы Игорь Мажинов 144 млрд теңгені жымқырған банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша сотталды. 2021 жылы Ертаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Мажинов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар тағы 39 адам сотталды. Олар мүлікті ысырап етті, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды, өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды.

Ертаев ісіне қатысы

Еске сала кетсек, бизнесмен Ертаевтың ісі соттың қарауына берілді деп жазған едік.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында 12-желтоқсанда экс-банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша тыңдаулар өтеді.

Сот Роман Селицкий басты сот отырысын өткізуге негіздеменің қаншалықты жеткілікті екенін шешті. Сондай-ақ ол тараптардың өтініштерін қарастырады. 

2019 жылғы қазанда Жомарт Ертаевты қамауда ұстаудың тағы үш айға ұзартылғаны туралы хабарланған.

Жомарт Ертаев Ресейде құрықталып, 2019 жылғы 15-наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Ол 2011-2017 жылдарда қызметтік лауазымын пайдаланып, «BANK RBK» Акционерлік қоғамынан 144 млрд теңгені жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 

Ертаевпен бірге ақша жымқыру бойынша 54 адам күдікке ілініп отыр. Олардың арасында 40-тан астамы банктің топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлері бар. Бұрын экстрадицияланған банк акционері Бақыт Ибрагим, Мәжінов, Туғанбай, Едігенев, Мамырбеков, Шәріпов және тағы басқалары бар.

Тергеу барысындағы шараларды жүзеге асыру кезінде 15 млрд теңге өндірілді. Сондай-ақ, 48 млрд теңгенің мүлігі бұғатталды. Қазіргі таңда арнайы прокурорлар істі тергеуді аяқтап, процеске қатысушылар материалдармен танысуда. 

Сондай-ақ оқыңыз