Обуховский тау-кен байыту комбинатының қожайыны қамауға алынды – СҚО соты
Обуховский тау-кен байыту комбинатының қожайыны Виктор Долгалев қамауға алынды. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының соты растады.
СҚО сотының хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Виктор Долгалев екі айға қамалған.
Оны 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаментіне жауап алуға шақырған. Ал келесі күні полиция оны қамауға алған.
«Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», –деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Алдын-ала мәлімет бойынша, кәсіпкердің үстінен іс жерді заңсыз пайдалануға қатысты қозғалған.
Обуховский кен байыту комбинаты – титан-цирконий концентратын шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан. Қожайыны – Виктор Долгалев.
Обуховский тау-кен байыту комбинатының тарихы туралы
Бір кездері Виктор Долгалев бұл тау-кен байыту комбинатынан айрылып қалған. Комбинат тарихына үңілсек, 2004 жылы қазақстандық кәсіпкер Виктор Долгалев рутил-цирконий концентратын шығаратын ірі кәсіпорын құру мақсатымен ресейлік кәсіпкерлер Дмитрий Пяткин және Александр Фрайманмен бірлесіп «Тиолайн» компаниясын құрады. Жоба сол кездің өзінде сол кезде жұмыс істеп тұрған Долгалевтың Лисаково титан-цирконий зауытының (ЛТЦЗ) базасында іске қосылады. Қазақстандық кәсіпкер Тиолайндағы үлесіне өз зауытын салады. Ал Пяткин мен Фрайман 5 миллион доллардан қосады. 2005 жылы компания Обухов титан-цирконий кен орнының жер қойнауын пайдалану жөніндегі тендерді жеңіп алады. 2006 жылдың қыркүйегінде тиісті бөліммен тиісті келісім-шартқа қол қояды. Осы тұстан бастап, табысты бөліп алуға қатысты келіспеушіліктер туындайды.
2006 жылы Долгалев сырттай директор қызметінен босатылады. Оның жарғылық капиталдағы үлесі 20 пайыздан 0,049%-ға дейін түсіріледі. Ал 2011 жылы Санкт-Петербордағы жеке арбитраждық соттың шешімімен Долгалев ресейлік серіктестерінің жағымсыз ұсыныстарына келіспегендіктен, «Тиолайн» мүшелігінен шығарылады. Виктор Долгалевқа шетел валютасында 3 ай мерзімге жылдық 40% мөлшерлемемен өндірісті дамытуға несие алу жүктеледі, бірақ ол бұл шарттан бас тартады. Нәтижесінде компания банкротқа ұшырайды.
Ал 2015 жылдың басында ұзақ сот процестерінен кейін Долгалев өз құқықтарын қалпына келтіреді. Ал 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық соты Санкт-Петербургтің жеке арбитраждық сотының шешімін бұзып, кәсіпкерді «Тиолайн» ЖШС құрылтайшысы қызметіне қайта тағайындайды. Судья Қазақстан азаматын қазақстандық компанияға қатысу құқығынан айыру туралы шешімнің Санкт-Петербургте қабылданғанын еш түсінбеген.
Солайша компания қайта жұмысын бастайды. Бүгінде кәсіпорын еліміздегі ең ірі рутил-цирконий концентратын өндіретін компания және 100 үздік халықаралық компаниялардың қатарына кіреді.