Германия билігі «Роснефтьтің» еншілес компанияларын ұлттық меншікке айналдыруға дайындалып жатыр

Жарияланды
Германия билігі «Роснефтьтің» еншілес компанияларын ұлттандырмақшы/shutterstock.com

Германия билігі қазір сырттан бақыланып тұрған елдегі «Роснефть» концернінің еншілес компанияларын ұлттандыруға ниет білдірді. Бұл туралы Handelsblatt Германияның министрлер кабинетіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады

«Федералдық экономика министрлігі Rosneft Deutschland (RD) мұнай компаниясын мемлекет меншігіне алуға дайындалуда. Дүйсенбіде ресейлік «Роснефть» концерні тиісті тыңдауға ресми қатысты», – делінді мақалада.

Handelsblatt сайтының нақтылауынша, ресми шара болып саналатын тыңдаудың соңы ұлттандыру шарасына ұласады.

Дерек көзінің мәліметінше, әзірге түпкілікті шешім жоқ, алайда Берлин сыртқы бақылау мерзімін ұзартуға қарсы.

2023 жылғы желтоқсанда «Роснефть» өзінің еншілес компанияларын Германияның Федералдық желі агенттігінің сыртқы басқаруына беруіне байланысты Германияның Федералдық әкімшілік сотына конституциялық шағым түсірген. Сот наурыз айында «Роснефть» компаниясының активтерін сыртқы басқаруға беруді қолдаған. Сөйтіп Германия үкіметіне қарсы шағымды кері қайтарған. Тамыз айында берілген апелляция да нәтиже бермеген.

2023 жылғы сәуірде «Роснефть» Германияның Экономика министрлігінен Германиядағы еншілес компанияларының сыртқы басқаруына келген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа басқару мерзімін ұзартуға қарсы шағым түсірген.

«Роснефть» компаниясының соттағы өкілі Бертран Мальмендиер сыртқы бақылау іс жүзінде мұнай эмбаргосы болып табылатынын, бұған заң бойынша рұқсат етілмегенін мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, Германия үкіметі 2022 жылғы қыркүйекте Rosneft Deutschland және RN Refining & Marketing GmbH компанияларын Германия Федералдық желі агенттігінің басқаруына беріп, мұнай өңдеу зауыттарының акцияларын бақылауға алды. 2024 жылғы наурызда Германия үкіметінің қазіргі уақытта қазақстандық мұнай жеткізілетін Шведт мұнай өңдеу зауытындағы «Роснефть Дойчланд» компаниясының акцияларын сенімгерлік басқару мерзімі аяқталады. Таяуда «Роснефть Дойчланд» басқарма төрағасы Йоханнес Бреммер Астанаға келіп, ҚМГ басшысы Мағзұм Мирзағалиевпен келіссөз жүргізді. Қазіргі уақытта «Дружба» мұнай құбырының солтүстік желісі арқылы Германияға тек Қазақстанның ғана мұнай жеткізіліп жатыр. 2023 жылы аты аталған мұнай құбыры арқылы 1 млн тонна мұнай тасымалданды. Германия қазақстандық мұнайдың негізгі көлемін Италияның Триест порты арқылы импорттайды. Мұнай TAL құбыры арқылы жөнелтіледі.

«2023 жылдың соңында концерн 106 млрд текше метр газ өндіріп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Энергетиктер күнінде сөйлеген сөзінде компанияның бірінші вице-президенті Сергей Менжинский айтты.

«Роснефть тәуелсіз әрі ірі газ жеткізушісі. Компания нарықтың 14%-ын иеленіп отыр», – деді.

Сондай-ақ оқыңыз