Ауа райына байлысты 12 облыста жолдар жабылды: боранға орай Астана оқушылары сабақты онлайн оқиды
![Ауа райының қолайсыздығына](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/02/9-5-1024x576.jpg)
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 12 облысында жолдар жабылып, Астана қаласының оқушылары онлайн оқытуға көшірілді.
Астана қаласы білім басқармасы 8 ақпанда 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілетінін хабарлады.
«2024 жылғы 8 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген басқарма хабарламасында.
«Казгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның орталық өңірлерінде қарлы боран соғады. Ауа райының нашарлауына байланысты «Қазавтожол» 12 облыста шектеулер енгізді.
«8 ақпан сағат 09.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген «Қазавтожол» хабарламасында.
Атап айтқанда:
- Ақмола облысында – 14 учаске;
- Ақтөбе облысында – 16 учаске;
- Атырау облысында – 2 учаске;
- Жамбыл облысында – учаске;
- Жетісу облысында – 1 часке;
- Батыс Қазақстан облыында – 3 учаске;
- Қарағанды облысынд – 3 учаске;
- Қостанай облысында –10 учаске;
- Қызылорда облысында – 1 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске;
- Түркістан облысында – 1 учаске;
- Ұлытау облысында – 2 учаске жабылған.
Компанияның хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазалауға 633 бірлік техника және 1023 жолшы жұмылдырылған. Ал сапарға шықпас бұрын аталған өңір тұрғындарына мына сілтемеге кіріп жүрер жолын алдын-ала жоспарлап алғаны дұрыс.
5 ақпан күні де QazAvtoJol ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізді.
Сондай-ақ Қостанай облысының кейбір аудандары ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматтағы оқуға көшірілді. Лисаков қаласында ауа температурасы -3 градусқа төмендеп боран соғады. Сол себепті бірінші ауысымдағы 2-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген.
Боранға байланысты Жітіқара ауданы мектептерінің 4-сыныпқа дейінгі бірінші ауысым оқушылары онлайн оқыту форматына ауыстырылды. Ал Бейімбет Майлина ауданында бұрқасынға байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген. Сонымен бірге Науырзым және Амангелді аудандарында боранға байланысты бірінші ауысымдағы 2-11 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілген. Меңдіқара, Федоров, Қарасу аудандарының оқушылары боранға байланысты сабақты үйден оқыды.