ТЖМ ақпан-наурыз айларында еліміздегі су тасқыны болатын өңірлерді атады
Ақпан-наурыз айларында Қазақстанның 12 облысында ауқымды су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында жауған жауын-шашынның көп мөлшері су басудың себебі болуы мүмкін.
«Іс жүзінде көп қар болған жоқ. Болған қардың суы жерге сіңіп кетті. Бірақ біз су тасқыны болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Су тасқыны ақпан айының соңында оңтүстік өңірлерде, ал наурыз айының басында солтүстік өңірлерде болуы мүмкін. ТЖМ мен орталық атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүзеге асырып жатыр», – деді министр ОКҚ брифингінде.
Брифингте ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин де сөз сөйледі. Ол су тасқынының жоғары қаупі ақпан-наурыз айларында Қазақстанның 12 өңірінде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында. Сондай-ақ Абай мен Ұлытауда болуы мүмкін деп хабарлады.
Орташа қауіпті аймақтарға Жетісу облысы, Жамбыл және Павлодар облыстары. Ең төменгі қауіпті өңірлерге — Маңғыстау және Қызылорда облыстары жатады.
Еске сала кетсек, 8 ақпан сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы Тау-самалы ықшам ауданында көшкін жүрді. Лай топырақ жеке меншік екі үйді басып қалған. Төтенше жағдайлар қызметі бір үй толық, екінші үй жартылай топырақ астында қалғанын хабарлаған. Кейін лай көшкіні орнынан ер адамның денесі табылды. Ол ғимараттың қирауы салдарынан қайтыс болған.
Ақпаратқа сәйкес, екі үйде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Төтенше жағдай министрлігінің ақпаратына сүйенсек, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жер үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Айта кетейік, оқыс оқиға салдарынан Алматыда лай көшкіні астында қалған төрт адамның денесі табылды деп жазған едік.