Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы текетірес: Мұнай бағасы шиеленіс салдарынан қымбаттады

Таяу Шығыстағы текетірестің
Мұнай бағасы қымбаттады. Фото: kursiv.media

Таяу Шығыстағы текетірестің шиеленісуіне байланысты мұнай бағасы қымбаттады. Израиль Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдамады.

Бейсенбі күнгі сауда-саттық соңында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $81,8 (+3,2%) дейін қымбаттап, өсу қарқынын арттырған.

Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы үсыныстан бас тартты. Одан кейін Израиль күштері шекарадағы Рафах қаласына әскери соққы берді. Осылайша Таяу Шығыстағы текетірестің шиеленісуі мұнай бағасына әсер етті.

Сондай-ақ бағаға АҚШ-тағы мұнай өнімдері қорларының азаюы туралы деректер де ықпал етуі мүмкін. АҚШ МӨЗ-дерінің жөндеу жұмысына жабылуы АҚШ пен Еуропа нарығында жанармай тапшылығын туындатуы мүмкін.

Қазанда хуситтер Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасап, Израильмен соғысып жатқан Хамас тобына қолдау көрсеткен еді.

Жалпы, мұнай бағасы Таяу Шығыс пен Ливиядағы шиеленістің күшеюіне байланысты құбылып тұр.

Апта ортасында ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің құны барреліне 79,16 долларды құраған. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 1,57 доллар (2,02%) жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айындағы WTI мұнай келісімшарттарының бағасы осы уақытқа дейін 1,95 долларға (2,7%) өсіп, барреліне $74,14 құрады.

Goldman Sachs болжамынша, 2024 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне $70-90 шамасында болады. JPMorgan инвестициялық банкі орта есеппен мұнайдың бағасы барреліне $83 құрайды деп отыр. Америкалық Morgan Stanley инвестициялық банкі мұнайдың бағасы барреліне $85 десе, Bank of America $90 болады деп болжаған.