Қырғызстанда полиметалл мен сирек металдар өндіруді көздейтін ұлттық жоба іске қосылды
Қырғызстанда мемлекетті маңызды ресурстармен қамтамтамасыз ету үшін полиметалдар мен сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі ұлттық жобаны іске қосылды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Бұл жоба жоғары технологиялық құрылғылар өндірісінде сұранысқа ие және әскери және ғарыштық салаларда қолданылатын материалдарға деген сұраныстың артуына байланысты қолға алынған.
«Полиметалл өндіруді дамыту жаһандық тапшылыққа жауап беріп қана қоймай, Қырғызстан экономикасына оң әсерін тигізеді, сол арқылы ұлттық ЖІӨ-ні ұлғайтуға, тау-кен өнеркәсібі мен онымен байланысты салаларда жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі»,– делінген Қырғызстан басылымдарында.
Жобаға мемлекет ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуды көздеп отыр. Сондай-ақ жеке компаниялар мен инвестициялық қорлардың да қаражаты тартылады.
Осыған орай Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті ғылыми-өндірістік ұйым құру туралы шешім қабылдаған. Осыған орай әлеуетті кен орындарында зерттеулер жүргізу, технологиялық компаниялармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржы ресурстарын бөлу тапсырылған.
Ал Қазақстанда полиметалл өндіретін қандай кен орындары бар?
Қазақстанды сирек металдар отаны деуге болады. Елдің жер асты қазба байлықтары қатарында вольфрам мен молибденнің үлкен қоры шоғырландырылған. Одан бөлек, Қазақстанның тантал, ниобий сиынды сирек кездесетін металдар бойынша минералдық-шикізаттық базасын құру перспективалары да жоғары. Бұл метал түрлерін ілеспе метал өндіру тәсілімен де алу мүмкіндігі бар.
Қазақстанның Жоғары Қайрақты, Бұғыты, Қараоба, Көктенкөл сынды кен орындарында өндіріледі. Сонымен бірге полиметалл Қызыл кен орнынан да өндіріледі. Сондай-ақ Камысты кен полиметалл кен орны бар. Бұл кен орны Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданында орналасқан. Бұл жерде мыс, қорғасын, кадмий, висмут, сынап, молибден, селен сынды металдар өндіріледі. Одан бөлек елімізде Алашпай, Алайғыр, Березовскоей сынды тағы да басқа полиметалл рудалары бар кен орындары бар.