Қазақстан мен Ресей альпинистері Эльбруста құтқарушылардан көмек сұрады

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстан мен Ресей альпинистері Эльбруста құтқарушылардан көмек сұрады Фото: mchskbr/ Кабардино-Балкария ТЖМ

Кабардино-Балкария құтқарушылары Эльбрус тауында зардап шеккен екі альпиниске шұғыл көмек көрсетті деп хабарлайды ТЖМ аймақтық басшысының баспасөз қызметі.

«5000 метр биіктікке көтерілген екі альпинист таудан түсуге көмек сұрағаны туралы ақпарат 10 ақпанда түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, альпинистердің аяқ-қолдары үсіп қалған», – делінген хабарламада.

Елдің ТЖМ мәліметтері бойынша, Қазақстаннан келген гид және Ресейлік альпинист көмек сұраған.

Альпинистерге көмек көрсету үшін Ресей ТЖМ Эльбрус таулы іздеу-құтқару жасағының құтқарушылары тартылды.

Оқиға орнына Кабардино-Балкария ТЖМ-нің іздеу-құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы барды.

Еске сала кетсек, былтыр Туристер мен Алматы тұрғындарынан тауға шығу жоспарын кейінге қалдыру сұралды деп жазған едік.

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы маңындағы тауларға сапарлауды кейінге ысырып, тау саяхатын бірнеше күн тоқтата тұрған дұрыс болатынын хабарлады.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, жауын-шашынның болжамына байланысты Алматы қаласының аумағында орналасқан іргелес таулы аудандарда су ағынының күшеюі және сел жүру қаупі бар.

Медеуге қар жауды. Алматылықтар бұл туралы ақпараттық кеңістікке жар салып, контенттермен бөлісті.

Синоптиктер Алматыда жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп болжаған, бірақ кешке қарай Медеуге қар аралас жаңбыр жауды. Кадрларға қарағанда, жауын-шашын көп емес, бірақ алматылықтар қыстың жақындағанын айтып отыр.

Айта кетейік, астаналық құтқарушылар балаларды далаға шығармауға кеңес берді деп жазған едік.

Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің құтқарушылар балаларды далаға шығармай, қатты қажеттілік туындамаса, ересектерге далаға шықпауға кеңес береді.

«Балаларды далаға шығармаңыз. Мүмкіндігінше өзіңіз де шықпаңыз. Егер қатты қажет болса, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қайда бара жатқаныңызды және қашан оралғаныңызды ескертіңіз. Жалғыз шықпауға тырысыңыз. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз», – делінген құтқарушылар хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз