Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысы қайта ашылды

Жарияланды

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысы қайта ашылды/ Фото:shutterstocks

Самара-Шымкент автожолында қозғалысты толық қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Қазіргі кезде 2900-ге жуық ауыр жүк және 17 жолаушылар көлігі жолдың ашылуын күтіп тұр. Олардың барлығы дерлік ыстық тамақ және сусындармен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 7-11 ақпаны аралығында Ақтөбе облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысы республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолында Түркістан облысының шекарасынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі барлық учаскеде ауыр жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жеңіл көліктерге шектеу жоқ, кешке дейін жүк көліктері үшін қойылған шектеу де алынады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта жолшылар 5-ші тәулік бойы күшейтілген режимде күндіз-түні жұмыс істеуде.

Айта кетейік, облыс әкімдігі және полиция департаменті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдарының қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал, облыс тұрғындары үшін көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Еске сала кетсек, Самара-Шымкент автожолында 4 ақпаннан бастап қардан тазарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ақпаратқа сүйенсек,  жолшылар тәулік бойы қар тазалауда, дегенмен жұмыс жылдамдығына ауа райынан басқа да әсер ететін факторлар бар. Бұл – жолда қалған көліктер. 

«Жолшылар 200-ден астам көлікті алып шыққанымен, боранның алғашқы күндерінде ірі габаритті жүк көліктерін жолда екі қатармен қалдырып кеткен жүргізушулер бар. Сол себептен арнайы техниканың қозғалысы қиындауда. Әр жүк көлікті қардан шығаруға кемі 40 минуттай уақыт жұмсалып, жұмысты жылдамдату үшін бульдозерлер қолданылуда», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда көрші облыстардан қосымша техника жеткізіліп, Ақтөбе- Хромтау учаскесінде 28 жол техникасы жұмылдырылған.

«Қауіпсіз қозғалыс мүмкіндігі қамтамасыз етілген сәтте, бірінші кезекте жеңіл көліктерге жол ашылады», – дейді «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе облыстық филиалы директоры Айбол Данағұл.

Еске сала кетсек, боранға байланысты 6 облыста жол жабылып, СҚО-да мектептер қашықтан оқытуға көшірілді деп жазған едік.

Ақтөбе облысында – 3 учаске жабық. «Самара-Шымкент» жолының 776-965 шақырымы мен ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ кентінің – 189 шақырымы жабылды. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін де шектеулер енгізілді. «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырымында Қарабұтақ кенті мен Ырғыз кенті арасындағы – 188 шақырымында қойылған. Сондай-ақ «Самара-Шымкент» бағытының 1153-1240 шақырымында Ырғыз кенті-Қызылорда облысының шекарасына дейінгі шақырымына дейін енгізілді. Ақтөбе облысындағы қар мен бұрқасынға байланысты көрініс шектелген.

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз