Қазақстан Govtech технологияларының бас экспорттаушысы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы уақытта «Smart Bridge», «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» және «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйелері еліміздің электронды үкіметті дамытудағы IT-шешімдері экспортталатын болады.
2023 жылы желтоқсанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қазақстан электрондық үкіметінің кейбір құрамдас бөліктері Тәжікстанға экспортталды.
Айта кетейік, Govtech экспорттық бастамалар Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында сәйкес жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-қызметтерінің экспортын 1 миллиард долларға жеткізудң тапсырды.
Форум аясында ЦДИАӨМ мен Сьерра-Леоне Республикасы Байланыс, технологиялар және инновациялар министрлігі және Того Республикасының Цифрлық экономика және трансформация министрлігі арасында АКТ саласындағы ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.
Анықтама:
Smart Bridge – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен бизнес секторы арасындағы интеграцияның жеңілдетілген процесінің платформасы.
Smart Data Ukimet – мемлекеттің цифрлық трансформациясының базалық негізі ретінде экономикалық өсуді мониторингілеу. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау, үлкен деректердің бірыңғай кеңістігін құру жөніндегі құралдардың жиынтығы.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың барлық сайтының ыңғайлы интерфейсі және оңтайлы навигациясы бар. Бірыңғай құрылымға біріктіретін азаматтарға арналған платформа.
Еске сала кетсек, Қазіргі таңда Қазақстан IT-қызметті қай елдерге экспорттайды деп жазған едік.