Жоғары аудиторлық палата Қазақстанда кальций қосылған соданы көп өндіру тәуекелдерді арттырады деп санайды
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова Қазақстанда осы өнімді шығару бойынша зауыттардың тым көп болуы кальций қосылған сода өндірудің тәуекелдерін арттырады деп есептейді.
«Өнімді импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті іске асыру мақсатында 2023-2024 жылдары жалпы қуаттылығы 900 мың тонна кальцийленген сода өндіру бойынша үш жобаны іске қосу жоспарланған: «Qazaq soda» ЖШС (жобалық қуаттылығы-жылына 400 мың тонна), «Павлодар сода» ЖШС (жобалық қуаттылығы – жылына 200 мың тонна) және «Арал сода » (жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна). Сонымен қатар елімізде кальцийленген соданы (натрий карбонаты) тұтыну шамамен 350 мың тоннаны құрайды. Осылайша, кальцийленген сода өндіру бойынша тағы екі жобаны іске қосу, тіпті экспорттық әлеуетті ескере отырып, кальцийленген сода өндірісінің профициті тәуекелдеріне әкеледі», – деді ол мемлекеттік бағдарламаның индустриялық-инновациялық даму тиімділігін және мемлекеттік ақшаны ұтымды пайдалануды бағалау туралы депутаттық сауалға жауап ретінде.
Палата Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің жоспарланған жобаларға қажеттілікті есептеу бойынша талдамалық жұмыстарының жеткіліксіздігін атап өтті. Сонымен қатар олар мемлекеттік көмекпен іске асырылған жобалардың тиімділігінің аздығына назар аударды.
Аудитпен қамтылған үш өңірде 18 проблемалық жоба анықталды. Атап айтқанда, Ақмола облысында пайдалануға берілген алты инвестициялық жоба жұмыс істемей тұр. Оларды іске қосуға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемі 2,4 млрд теңгені құрады. Қарағанды облысында үш жоба тиімсіз болып шықты және мемлекеттік қолдауға қарамастан жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз жоба жұмыс істемейді, ал бір кәсіпорын жабылды.
Сонымен қатар, пайдалануға берілген жекелеген жобалар өндірістік жүктеменің төмендігін көрсетеді: жобалық қуаттың 1-30%. » Ақмола Бидай » компаниясы мемлекеттен дәнді және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорынды салу кезінде 3,2 млрд теңге алды. Алайда оның өндірістік жүктемесі 2021 жылы 2,1 мың тоннаны немесе жобалық қуаттылықтың 4% -ын құрады.
Индустрияландырудың негізгі мақсаттарының бірі өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болды. Алайда, соңғы 10 жылда елдің ЖІӨ – дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі іс жүзінде төмен болып шықты. 2010 жыл – 11,3%, 2014 жыл-10,2%, 2019 жыл-11,4%-ды құрады.
Еске сала кетсек, былтыр Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті күшейтілді деп жазған едік.
Құжатта палатаға жергілікті бюджеттердің қаражатына аудит жүргізуге негіз болатын себептердің қатары кеңейтілген.
Бірақ аудит жүргізу туралы қабылданған шешімді Президент Әкімшілігіне хабарлап, палата отырысында дауысқа салу арқылы бекітеді.
Палата мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиттің қорытындыларын қайта қарауға құзырет алып отыр. Ол үшін аудит материалы бойынша сот шешімі күшіне енбеген болуы керек. Аудит қорытындыларын қайта қарау туралы тапсырманы палатаға Перзидент пен Президент Әкімшілігі бере алады.
Жарлыққа сәйкес, палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай арнайы дерекқорда жариялауға құзыретті.