Жаңалықтар

Алматыда Шығыс айналма автожолының құрылысы үшін 1,2 млрд теңгеге сатып алынған жерлер заңсыз сатылған

Қоғамдық құрылысқа арналған жер учаскелері заңсыз сатылған / Фото: kursiv.media

Шығыс айналма автожолына арнайы сатып алынған құны 700 млн теңге болатын жер учаскелері заңсыз сатылған. Бұл жайлы Медеу ауданының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның хабарлауынша, 2009 жылы мемлекет мұқтажы үшін Шығыс айналма автожолының құрылысына байланысты Радлов көшесі бойынша 13 жер учаске сатып алынған. Мемлекет мұқтажы үшін сатып аланған бұл жер уаскелерінің нарықтық құны 1,2 млрд теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар сол жерлерді қоғамдық маңызы жоқ құрылыстар салған заңды тұлғаларға сатып жіберген. Атап айтқанда «Алматы ӘКК» АҚ 2021 жылы алынған 35 акр болатын учаскелердің бірін қоғамдық іс-шаралар кешенін салу үшін ЖШС-ге берген. Алайда іс жүзінде ол жерде қоғамдық нысан тұрғызылмаған.

​»Ауданы 3500 шаршы метр ғимараттың орнына заңды тұлға 22 шаршы метр техникалық үй-жай тұрғызып, 32 млн теңгеге жерді жеке меншікке заңсыз сатып алған. Учаскеде кезекті коммерциялық объектіні салу іс жүзінде жоспарланған болатын, бұл халық пен қала үшін қоғамдық маңызы жоқ», – делінген хабарламада.

​Медеу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот мәмілелерді жарамсыз деп таныған. Үкім заңды күшіне енбеген.

​Сонымен бірге осы ауданда 2020 жылы міндетті аукцион өткізбестен, ең жақсы ұсыныс қаралмастан жергілікті атқарушы орган коммерциялық мақсаттарға бір компанияға 37 акр жер учаскесін берген. Бірақ содан бері бұл жерлер игерілмеген. Прокуратура бұл жерлерді де мемлекет меншігіне қайтарған.

Аталған жылжымайтын мүліктің нарықтық құны 700 млн теңгеден асады.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың көктемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы әкімдігімен бірлесіп тау бөктеріндегі аудандарда жер бөлу және құрылыс салу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Нәтижесінде рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды. Ол кездегі шығын шығын 500 млн теңгені құрады.