13 ақпанда Әзербайжан мемлекеттік шекара қызметі Арменияға қарсы «есе қайтару операциясын» жүргізді.
Нәтижесінде Гафан ауданы Неркин-Анд елдімекені маңындағы Армения қарулы күштерінің әскери бекеті толығымен жойылды. Бұл туралы Әзірбайжан мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.
Әзірбайжан тарапы бұл шабуыл армян әскерінің кешегі «арандатуына» жауап болғанын айтады.
«Әзірбайжан-Арменияның шартты мемлекеттік шекарасындағы жедел жағдайды ұшықтыруға бағытталған армян тарапының әрбір арандатуы үшін бұдан былай аса маңызды және шешуші шаралар қабылданады», – делінген Мемлекеттік шекара қызметінің хабарламасында
Шабуыл салдарынан Армения өзінің төрт әскери қызметкерінің қайтыс болды, біреуі жараланды деп мәлімдеді.
Армения Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжанның әрекетін айыптап, жағдайды реттеу үшін мемлекеттер арасындағы келіссөздерді бұзуға ниетті деп есептейді.
«Әзірбайжанның әскери арандатушылықтарын айыптаймыз. Жағдайды тұрақсыздандыру қадамдарынан аулақ болуға және келіссөздерге қайта оралуға шақырамыз», – делінген хабарламада.
«Есе қайтару» операциясына дейін Әзірбайжан мен Армения арасында не болды
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі бұған дейін 12 ақпан күні сағат 20:50-де және 23:40-та Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Товузгалин ауданының Чинарлы елді мекеніне қарай атыс қаруынан Коханаби елдімекеніне қарай оқ атқаны туралы хабарлаған болатын.
Еске сала кетсек, былтыр Армения билігі Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына шағым түсірді.
Армения билігі Әзірбайжанның «»жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларына» қатысты БҰҰ сотына шағым түсірді. Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты «нәсілдік кемсітуге» барды деп айыптады. Қазір БҰҰ сарапшыларының даулы аймаққа жіберілгені хабарланған. Бұл жайлы БҰҰ сотында түскен шағымда айтылды.
Ереван билігі халықаралық ұйым саясатының асында Әзірбайжанға қатаң талап қоюды көздейді. Бұл туралы 29 қыркүйек, жұма күні, жарияланған соттың баспасөз хабарламасында айтылған. Шағымданушы тарап Таулы Қарабақта нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны сақтауды сұраған.
Әзірбайжанды айыптап осы конвенция шеңберінде «өз міндеттемелерін бұзуы мүмкін кез келген шаралардан бас тартуы керек» екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, Ильхам Әлиев үкіметін Таулы Қарабақтан кетуге үгіттеуді, таласқа түскен аймақтағы армян халқына қол ұшын созуды және коммуналдық жүйені қалпына келтіруге көмектесуге міндеттеуді сұрайды.