Жаңалықтар

Университетке түсу үшін бес мүмкіндік

ЖОО-ға түсу үшін бес мүмкіндік бар/Фото:shutterstocks

Қазақстанда екі аптадан кейін наурыз айындағы ҰБТ басталады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Бұл жыл басынан бері екінші ҰБТ болмақ. Ал түлектерге бір күнтізбелік жыл ішінде 5 (бес) рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігі берілді. Өткен жылдардың түлектерінде «білім бағалау жүйесі жоғары оқу орнына түсу үшін неге қолайлы бола бастады» деген сұрақ туындауы мүмкін.

«Бүгінгі таңда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ережелеріне сәйкес қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік грант ұтып алғысы келетін түлектер негізгі ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру үшін ең жақсы нәтижені таңдай алады. Негізгі ҰБТ мамыр-шілде айлары аралығында тегін негізде өткізіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар «қаңтар», «наурыз» және «тамыз» тестілеулері бар. Бұлардың негізгі тестілеуден айырмашылығы неде?

«Осы тестілердің қорытындысы бойынша алынған сертификаттарды ЖОО-ға түсу үшін пайдалануға болады, бірақ олармен мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды. Сондай-ақ «негізгі емес ҰБТ-ға» қатысу міндетті емес, сондықтан ол ақылы. Шын мәнінде, ҰБТ-ның бұл түрі нақты жағдайларда негізгі тестілеуге дайындалғысы келетіндерге, мемлекеттік грантқа үміткер емес, бірақ қазақстандық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге (мысалы, өткен жылдардағы колледж түлектері) арналған», – делінген хабарламада.

Қазақстанда ҰБТ тапсыру қанша тұрады

Айта кетейік, 2012-2021 жылдар аралығында бір реттік ҰБТ бағасы 2242 теңгені құрады. Ақылы тестілеу енгізілгеннен кейін 10 жыл өткен соң, яғни 2021 жылы оның құны 5 640 теңгеге дейін өсті. Бірақ елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкімет кейін бұл бағаны 4 230 теңгеге дейін төмендетті. 2023 жылы тамыз айында түлектердің таңдауы бойынша ҰБТ-ға ақылы қатысу бағасы 5 640 теңгеге оралды.

Ақпаратқа сәйкес, қаражатты бөлу бірегей, ауқымды инфрақұрылымды қамтамасыз ететін USTUDY компаниясы мен тестілеудің мазмұны мен ұйымдастырылуына жауапты Ұлттық тестілеу орталығы арасында жүзеге асырылады. Бұл ретте USTUDY компаниясынан цифрлық инфрақұрылымды жалға алуға бюджеттен қаражат бөлінбейтінін атап өткен жөн.

Айта кететін жайт, бұл жағдайда жалға алу орынды. Өйткені мемлекетке тестілеу үшін мұндай күрделі инфрақұрылымды ұстаудың қажеті жоқ, бұл «артық жүк» мемлекеттік бюджетке айтарлықтай салмақ түсіреді.

ҰБТ тапсыруға талпыныстардың саны мәселесі

«Түлектердің университетте оқу үшін сертификат алуға бір ғана мүмкіндігі болған өткен жылдардағы оқиғаларды еске түсіру керек. Балаларға психологиялық жүктеме өте үлкен болды, өкінішке орай, бәрі де оны дұрыс басқара алмады», – делінген хабарламада.

Білімді бағалауды жүргізу саласындағы отандық сарапшылардың айтуынша, ҰБТ өткізудің қазіргі тәсілі әбден негізделген және бір мезгілде бірнеше проблемаларды шешеді.

  1. Түлектерге және олардың ата-аналарына психологиялық қысымды төмендету. Яғни әрбір түлекке ЖОО-ға түсу үшін 5 мүмкіндік беріледі, оның екеуі грант конкурсына қатысу үшін;
  2. Гранттық конкурсқа толық дайындалу мүмкіндігін қамтамасыз ету – негізгі ҰБТ-ға дейін әрбір түлек ақылы негізде тапсырады. Тестілеуге бейімделуге кемінде 2 талпынысы жасайды.
  3. Мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту. Ақылы тестілеу нәтижесінде алынған қаражат цифрлық инфрақұрылымды жалға алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы ҰБТ-ға қосымша мемлекеттік қаражат бөлу қажеттілігін жояды.
  4. Грантқа екінші мүмкіндік беру – әрбір түлек негізгі ҰБТ-ны екі рет тегін тапсыруға және конкурстық комиссияға ең жақсы нәтижені таңдауға құқылы.

«Осылайша, бүгінгі таңда түлектердің білімін бағалау жүйесі толығымен үлгіге ие болды. Оның мақсаты – баланың психикасын басып, қоғамда шиеленіс тудыру емес, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік гранттарды әділ бөлуді қамтамасыз ету»,  – делінген баспасөз қызметінде.

Еске сала кетсек, ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзарды деп жазған едік.