Алматы әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алмауға кеңес береді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматы әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінен пәтер алмауға кеңес береді / shutterstock

Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде жарнамаланып жатқан Royal time LCD тұрғын үй кешенінен пәтер алмауға кеңес берді.

«Тұрғын үй кешенінің аккаунттары мен сайтында көрсетілгендей, жаңа премиум-класты ТК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналасады. Алайда бүгінгі күні жер учаскесінде құрылыс жүргізілмейді және құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті де жоқ», – деп түсіндірді әкімдік. 

Ведомствода егер заңсыз объектіде жылжымайтын мүлік сатып алынған болса, құрылыс салушы тарапынан қаражатты ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгіну керектігін еске салды.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз: +7 705 89 66 000», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Алматының қала құрылысы басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды. Бұл тізімге 45 тұрғын үй кірген.

Тізімген енген тұрғын үй кешендерінің құрылыс салуға рұқсат берілген құжаты толық емес. Сондай-ақ олар бастапқы жобадан ауытқып салынғаны және басқа да бұзушылықтары бар екені анықталған.

Белгілі болған заңсыз құрылыстар

Бұған дейін таулы жерлерде заңсыз салынған 54 құрылыс белгілі болды. Осы анықталған 54 құрылыстың 44-сіне қатысты сот болған. Сот талап-арыздарды қарап, 44 құрылыстың 31-іне қатысты оң шешім шығарып, сүруге жіберген.

Сонымен қатар Алматы әкімдігі қала құрылысы басқармасы мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы барысында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмей салынып жатқан 52 нысан анықталған.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қаладағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енген.

Сондай-ақ Алматы әкімдігі сапасыз құрылыстан 1 мыңнан астам заң бұзу анықталғанын хабарлады. Нәтижесіне 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған.

Жалпы соңғы екі жыл көлемінде заңсыз құрылыс салушыларға 20 қылмыстық іс қозғалған. 16 тұлға сотқа тартылған. БҚДА мәліметі бойынша, нарықтың 28 пайызы ғана заңды бағытта жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз