Қазақстанға Амур жолбарысы 2026 жылы жеткізіледі – Экология министрлігі

Жарияланды (жаңартылды )
Тұран жолбарысы
Қазақстан Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру мақсатында Ресейден Амур жолбарысын әкеледі / Фото: kursiv.media

Қазақстанға Амур жолбарыстары 2026 жылы әкелінеді. Бұл туралы Самарқандта өтіп жатқан Миграция жасайтын жануарларды қорғау конвенциясында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтты.

«Жолбарыстарды 2026 жылға қарай әкелеміз деп жоспарлап отырмыз. Негізінен 2021-2024 жылдар аралығында жыртқышқа арнайы тіршілік етететін ортасы дайындалады. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді вице-министр.

Шәрбиев жолбарыстар ерекше қорғалатын аймаққа жіберілетінін айтты. Жалпы Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру бастамасы 2010 жылдары басталған. Қазақстан үкіметі мысық тұқымдас жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру үшін елге жойылып бара жатқан Амур жолбарысын әкелуді жоспарлап отыр. Жыртқыштың қорек ортасын қалыптастыру мақсатында Іле-Балқаш табиғи паркіне жыртқыш қоректенетін аң түрлері жіберілген.

«Қазақстан үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен Тұран жолбарысына арналған экожүйені қалпына келтіру бойынша грантын алды. Осы орайда еліміз жыртқыштың қоректік ортасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізуге келісті. Осы бағдарлама шеңберінде Іле-Балқаш резерватына Алтын-емел қорығынан 60 бас құлан жіберілді. Сонымен бірге Қара Бақанас су арнасын тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр», – дейді БҰҰ Даму бағдарламасының жануарлар дүниесін басқару жөніндегі сарапшысы Аман Омарбекова.

Сарапшының айтуынша жолбарыстар қолайлы орта дайындалып болған соң ғана жеткізіледі. Алғашқыда Ресейден Амур жолбарысының бір жұбы жеткізледі, ал кейін жолбарыс санын көбейту үшін жыртқыштар Еуропадан да әкелінуі мүмкін. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге конвенция барысында қар барысынның популяциясы мәселесі де талқыланған. Экологтар келтірген мәліметке сенсек, Қазақстанда 190 бас ілбіс бар. Оның саны жыл сайын небәрі 5-6 дараққа ғана көбейіп отырады екен.

Сондай-ақ оқыңыз