KEGOC тарифтерді көтереді
КEGOC акционерлік қоғамы электр энергиясының тұтыну бағасын өзгертті. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарлады.
KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания өз қызметтерінің бағасын көтеру кестесін уәде еткеннен артық көтерді.
Ақпаратқа сәйкес, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша электр энегиясын беру бағасы 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде 3,474 теңге/кВтсағ мөлшерінде (3 381 теңгеге дейін көтеруге уәде берілген )көтерілді. Сол арқылы баға 93 теңгеге (немесе 2,7% – ға) өсті. Сонымен қатар ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтің бағасы жоспарланған 1 943 теңгеден 1 996 теңгеге/кВтсағ дейін көтерілді. Яғни 53 теңгеге (немесе 2,7% – ға) дейін өсті.
«ТМРК 2024 жылғы 9 ақпандағы №25-НҚ бұйрығымен 2024 жылы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып, «КEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілген қызметтерге тариф пен тарифтік сметаларға өзгерістер енгізеді», делінген хабарламада.
KEGOC тарифтерді өзгертуінің себебі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан «жаңартылған энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің сатып алатын энергия құнының өсуі салдарынан болып отыр.
Компания ұлттық электр желісін пайдалану қызметін 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ұсына бастады.
Ақпаратқа сәйкес, бұл тарифтердің қалыптастыру бойынша ережелерге сейкес келеді.
Еске сала кетсек, электр желілерінің ұлттық операторы өткен жылғы табысын қалай ұлғайтқанын жазған едік.
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания табысының өсуіне қандай жағдайлардың әсер еткенін айтып берді.
«Электр энергетика нарығының қатысушылары «KEGOC» компаниясының тарифті Квт\сағатына 2 теңгеге көтеріп, компанияның өздеріне салық салып отырғанын айтты. Тіпті кейбір электр энергиясын алмайтын тасымалдаушы компаниялар да сол ақшаны төлеуге мәжбүр. Нәтижесінде «KEGOC»-тің тарифтік жүктемесі артқан. Тұтынушы ретінде бұл ақшаны біз төлеп отырмыз. Осы орайда компанияның табысы өткен жылы қаншалықты артты? Бұл тариф болмаса табыстарыңыз айтарлықтай аз болар ма еді?», – деп сұрады журналистер компания өкілінен.
Компания басшысы Нәби Айтжанов бұрын электр энергиясын жеткізу үшін «KEGOC» тарифі болғанын, қазір компанияның бұл қызметі екіге бөлінгенін айтты.
«Электр энергиясын тасымалдау тарифі тек жекелеген топтар үшін ғана сақталып қалды. Яғни бұрын тариф 3 теңге шамасында болған. Бұл үш теңге электр энергиясын біздің желілер арқылы тасымалдаған барлық тұтынушыға қатысты болған. Ал қазір бізде бұл тариф бойынша жекелеген топтар ғана төлейді. Олар электр энергиясын жеткізу қызметін тариф бойынша тұтынады», – деді компания басшысы.