«Қазмұнайгаз» Petrosun қызметін КС Energy Group-қа кезең-кезеңімен көшіреді
Petrosun компаниясының қызметі (51% -ы «Қазақстандағы КННҚ Интернационалына» (Қытайлық CNPC), 49%-ы «ҚазМұнайГазға» тиесілі) кезең-кезеңімен «KC Energy Group» компаниясына ауысады.
«KC Energy Group» ЖШС қатысушылардың бірдей құрамымен (51% — CNPC, 49% — ҚМГ) және басқарудың бірдей тетіктерімен «Petrosun» ЖШС-нің қазіргі қызметіне ұқсас шарттармен құрылды. «KC Energy Group» ЖШС «Petrosun» ЖШС қызметінің құқықтық мирасқоры болып табылмайды. «Petrosun» ЖШС – нің қызметі кезең-кезеңімен «KC Energy Group» ЖШС-не ауыстырылады», – делінген хабарламада.
KC Energy Group-ты құрудың негізгі мақсаты мұнай өнімдері нарығына жаңа әдістемелерді енгізу. Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, CNPC және ҚМГ құрылымдарына кіретін мұнай өндіруші компаниялармен шарттар жасалады. Сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарымен келісімдер пысықталуда.
ҚМГ жаңа еншілес компанияның қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес қатаң жүзеге асырылады. «KC Energy Group»-тің алдында ішкі нарыққа немесе экспортқа жөнелту бағыттары бойынша қандай да бір басымдықтар қойылмайды.
«KC Energy Group» компаниясы
Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» және CNPC International Kazakhstan мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сату нарығында жұмыс істеу үшін тағы бір бірлескен компания құрды.
«KC Energy Group» ЖШС әділет органдарында 2023 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Компаниядағы ҚМГ үлесі 49%-ды құрайды.
«Petrosun» бірыңғай өндірістік циклдің операторы болып табылады: өндірушілерден шикі мұнайды сатып алу – қазақстандық мұнай өнімдерін қайта өңдеу – тасымалдау. Ішкі нарықта және экспортқа мұнай өнімдерін сату.
Argus бағалауы бойынша, қайта өңдеуден кейін компания сату үшін 5,4 мың тонна АИ-92 бензинін, 0,9 мың тонна – АИ-95, 4,3 мың тонна – дизель отынын және 0,8 мың тонна авиакеросин алды.
Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» компаниясы «КС Energy Group» ЖШС-нің 49 % үлесіне ие болды деп жазған едік.
ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ «КС Energy Group» ЖШС-нің 49 % үлесіне ие болды. Қызмет түрлерінің ішінде жүк көлігі, цемент, құм және қиыршық тас көтерме саудасы көрсетілген. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
«ҚазМұнайГаз» Energy Group акцияларын 2023 жылғы 27 желтоқсанда сатып алды. Компания 2009 жылдың наурыз айында Астанада шағын кәсіпорын ретінде тіркелді. Кompra.kz деректеріне сәйкес, компанияның құрылтайшысы-Иван Рыбянец.
Қазіргі уақытта ҚМГ компаниясы 62-ге жуық ұйымның 10 және одан да көп пайыз үлесіне ие. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру, KMG Green Energy, «ӨзенМұнайСервис», «Кен-Құрылыс-Сервис». «Қазгермұнай», «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Қазақтеңізкөлікфлоты» және тағы басқалары бар.
Қаңтар-маусым қорытындысы бойынша ҚМГ 492 млрд теңге ($1,1 млрд) таза пайда тапты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға аз . Түсім 4,6 трлн теңгемен ($10,3 млрд) салыстырғанда 3,9 трлн теңгені (8 8,7 млрд) құрады, ал бұл 15,1% – ға төмен.
Табыстың қысқаруы мұнай бағасының төмендеуі аясында болды.
ҚМГ-ның бақылаушы акционері «Самұрық-Қазына» қоры (акциялардың 67,42%) болып табылады. Компаияның 20% үлесі Қаржы министрлігіне, ал 9,58% — Ұлттық Банкке тиесілі. «Самұрық-Қазына» өз кезегінде үкіметке 100% тиесілі. Қалған бөлігі IPO аясында биржада орналастырылды.