2023 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі алтын сатуда әлемдік көшбасшыға айналған. Былтыр бас банк 57,43 тонна алтын сатып, халықаралық резервтегі алтын көлемін қысқартты. Өзге елдердің Орталық банктері, керісінше, алтын сатып алуды арттырған. Бұл туралы HalykFinance сарапшыларының шолуында жазылған.
Әлемдік сұраныстың артуы және алтын бағасының қымбаттауы аясында ҰБ халықаралық резервіндегі алтын үлесі 54,2%-ды құрады. Бұл ҰБ-ның 50-55 пайыз деңгейіндегі жоспарына сай келеді.
Есесіне дамушы елдердің орталық банктері алтын сатып алуда соңғы 20 жылдағы рекордты орнатқан.
Халықаралық валюта резервіндегі алтын үлесі неге көбейді?
2012 жылы Қазақстанда «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру ережесі» бекітілген.
Содан бері ҚҰБ қорды толықтыру үшін жергілікті аффинаж зауыттарынан белсенді түрде алтын сатып алып келеді. Соның нәтижесінде 2022 жылға қарай қордағы алтын үлесі шамамен 70%-ға жетті.
Бұндай құрылымдағы алтын-валюта резервінің өтімділігі төмен. Сондықтан Ұлттық банк 2022 жылдан бері резертегі алтын үлесін кезең-кезеңмен қысқарта бастады.
Ұлттық банк бұл алтын-валюта активтерін әртараптандыру мен бөлу теңгерімін арттыру үшін жасалып жатқанын атап өткен. Ол кейіннен резервтің өтімділігі қаржы құралдарына инвестицияланатын валюталық бөлігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚҰБ 2023 жылы алтын сату көлемі бойынша әлемдегі бүкіл орталық банктерді басып озған. Екінші орында шамамен 24,57 тонна алтын сатқан Өзбекстанның Орталық банкі тұр. Одан кейін Камбоджа (10,08 тонна), Боливия (7,73 тонна), Германия (2,49 тонна) орталық банктері келеді.
Бұл ретте Азия мен Шығыс Еуропадағы дамушы елдер бағалы металды сатып алу бойынша көш бастап тұр. Мәселен, бытыр әлемнің орталық банктері арасында Қытай (224,88 тонна), Польша (130,03 тонна), Сингапур (76,28 тонна), Ливия (30,01 тонна) және Чехия (18,71 тонна) негізгі сатып алушыға айналды.
2023 жылы халықаралық нарықтарда алтын бағасы қымбаттап, сатып алу көлемі 2000-шы жылдан бергі ең жоғары деңгейіне жетті. Оған геосаяси шиеленістер және соған байланысты мемлекеттердің ықтимал тәуекелдерді хеджерлеуі себеп.
Алтынды көп сатқанына қарамастан, Қазақстан әлі де алтын қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың ТОП-20-на кіреді. 2023 жылы осы тізімде 18-орында тұрған. АҚШ пен Еуропа елдері рейтинг басында тұр.
Әлемдік нарықта алтынның қымбаттауын ескере отырып, Ұлттық Банк биыл да резервтегі алтын үлесін азайтып, валюталық активтер үлесін арттыруы ықтимал.
2023 жылы сәуірдің төрті күнгі сауда-саттықта бағалы металл фьючерстерінің құны 2000 доллардан асты. 2022 жылдың наурызынан бергі рекордық өсімге доллардың әлсіреуі және ФРЖ-ның ақша-несие саясатының жұмсаруы себеп болған.
Былтыр жыл соңында геосаяси шиеленістің күшеюі аясында бағасы тарихи максимумға жетті. Бағалы металл «құнды» болуының арқасында бір унция үшін 2135,39 доллардан асқан