Рудный прокуратурасы сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Рудный прокуратурасы сапасыз интернет үшін байланыс операторларына айыппұл салды / shutterstock и gov.kz

Қостанай облысы Рудный қаласының прокуратурасы сапасыз интернет үшін байланыс операторларына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Өңірлік прокуратураның хабарлауынша, Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді», – делінген хабарламада.

Рудный прокуратурасы нұсқамаларын орындау үшін мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан. 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

2023 жылы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жасаған

Онда, Агенттік тарапынан ұялы байланыс ұсыну нарығының бүгінгі жай-күйіне талдау жасалған және ұялы байланыс қызметтеріне бағаларды мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылып отыр.

Агенттік мұның себебі «Тарифтердің өсуі және ұялы байланыс қызметтерінің сапасының төмендеуі», деп көрсетеді. 

«Мемлекеттің монополиялануы және нарықтың жоғары шоғырлануы салдарынан операторлар арасында клиент үшін бәсекелестіктің төмендеуі байқалады, бағаның өсуіне, тұтынушыларға талап етілмеген қызметтерді жүктеуге, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар көбейді», делінген хабарламада.

Құжатта көрсетілгендей, бүгінгі таңда Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы дуополистік болып табылады, оған тек 2 нарық субъектісі – «Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком – Сервис» арқылы «Қазақтелеком» АҚ компаниясының 62% үлесі бар тобы, сондай – ақ жеке оператор- 38%-бен «Кар-Тел» ЖШС қатысады. Нарық нарықтың жоғары шоғырлануымен (CR-2) және мемлекеттің басым қатысу үлесімен сипатталады.

Сондай-ақ оқыңыз