Сайлауда жеңіске жеткен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің ұлықтау рәсімінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы жұмысқа басымдық беретінін айтты. Оған қоса, Армения мен оның жақтастары және үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына қатысты пікір білдірді.
Ол өзіне тағы да сенім білдіріп, дауыс берген Әзербайжан халқына алғыс айтты. Қарабаққа қатысты Армениямен келіссөз процесі туралы айта келіп, Армениямен оның жақтастарына ескерту жариялады.
«Әлем үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұр. Кейбіреулер бұл соғыс басталды деп санайды. Осы қиын сәтте Әзірбайжан армиясы өз күшін көрсетті. Армения және оның жақтастары бізді ештеңе тоқтатпайтынын білуі керек. Егер Армения өз заңдарын реттемесе, бізге қатысты аумақтық шағымдар тоқтамаса, бейбіт келісім болмайды», – деді Әлиев.
Бұған қоса Әзербайжан президенті Түркі мемлекеттерінің ұйымы аясындағы жұмысқа басымдық беретінін атап өтті.
«Ең алдымен, біз түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл ұйымға басымдық беретінімізді айтқым келеді. Түркі мемлекеттерінің ұйымы – біз үшін ең басты халықаралық ұйым, өйткені бұл біздің отбасымыз. Бізде басқа отбасы жоқ. Түркі әлемі – біздің отбасымыз. Біз түркі мемлекеттерінің ұйымы әлемдік аренада маңызды күшке айналуы үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», – деді Әлиев.
8 ақпанда Әзербайжанның қазіргі басшысы Әлиев президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жазған едік. Бесінші рет сайлауға түіскен президент 92,1% жинады. Өзге кандидаттар: Захид Орудж — 2,2%, Фазиль Мұстафа – 1,99%, Гудрат Гасангулиев – 1,78%, Рази Нуроллаев – 0,79%, Эльшад Мусаев – 0,66%, Фуад Алиев – 0,48% жинады.
2023 жылы 15 қазанда президент Әлиев Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасы Степанакертке келіп, Әзербайжанның Мемлекеттік Туын көтерген. Әлиев Суговушан су қоймасын пайдалануға беру рәсіміне қатысқан. Сарсанг су қоймасының аумағында, сондай-ақ бұрын Мартакерт деп аталған Степанакерт және Агдере деп аталатын Ханкенди қалаларында Әзірбайжан жалауларын орнатқан.