Жаңалықтар

Lucid сұранысты арттыру үшін электромобильдердің бағасын төмендетті

Lucid электромобильдердің бағасын төмендетеді/Фото:shutterstocks

Lucid компаниясы сұранысты арттыру үшін өз көліктерінің бағасын 10%-ға төмендетті. Ақпарат компанияның Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) жарияланды.

Air Pure моделінің қазіргі бағасы- $ 69,9 мың, Air Touring -$ 77,9 мың, ал Air grand Touring– $ 109,9 мың ( Бұл бағалар АҚШ клиенттері үшін).

Айта кетейік, бұрын Air Pure құны- $ 77,4 мың. Air Touring -$ 85,9 мың, ал Air Grand Touring–  $110,9 мың болатын.

«Lucid Air бағасы қазір кезде $69,9 мыңнан басталады. Оның ішінде Lucid компаниясы қуаттағышқа $ 1 мың жеңілдік беріп отыр. Сондай-ақ 2 жылдық тегін жоспарлы қызмет (салық, меншік құқығы, лицензия) тағайындалған алымдар және құжаттама алымдары (тек АҚШ нарығы үшін) жоқ»,  – делінген компания хабарламасында.

2023 жылы тамыз айында компания Lucid электромобильдердің бағасын $12,4 мыңға төмендеткен.

Lucid акцияларының бағалары 15 ақпандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 5,2% – ға, яғни $3,6-ға дейін өсті. Бұған дейін акциялардың соңғы айтарлықтай төмендеуі 26 қаңтарда болды.

Айта кетейік, WSJ бірқатар электромобиль брендтеріне банкрот болу қаупі төніп тұрғанын анықтады.

Электромобиль мен аккумулятор шығаратын кем дегенде 18 стартаптың 2024 жылдың соңына қарай ақшасыз қалуы қауіп бар. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

The Wall Street Journal нарықтағы компаниялардың соңғы есебімен танысып шыққан. Басылымның жазуынша, 18 компанияның жетеуінің тек бірнеше аптаға ғана жететін ақшасы қалған. WSJ сауалына жауап берген жаңа қаржыландыру көзін тартуды және шығынды қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан. 16 компанияның жұмыс істеуге және 2024 жылдан кейін де жұмысты жалғастыратын ақшасы бар. Алайда олар сатылымның артуын игере алмай жатыр. Олардың қатарында АҚШ-тағы Tesla-ның басты бәсекелестері: пикап шығаратын Rivian мен премиум-сегменттегі көліктер шығаратын Lucid Group бар.