Air Astana IPO-сы шеңберінде өтінімдердің 27%-ын Freedom Broker жинаған

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Air Astana IPO-сы шеңберінде өтінімдердің 27%-ын Freedom Broker жинаған. Фото: kursiv.media

Air Astana IPO-сы шеңберінде берілген өтінімдердің 27%-ын Freedom Broker компаниясы жинаған. Компания мен клиенттері IPO шеңберінде 11,8 млн қарапайым акция мен 2,2 млн ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) сатып алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Freedom Broker-ге жалы көлемі 131 млн АҚШ долларын құрайтын 7,8 мыңнан астам өтінім келіп түсіп, биржаларға жөнелтілген. Брокер арқылы берілген бұл өтінімдер IPO-ға қатысқан қазақстандық инвесторлар сұранысының 27 пайызына тең. Сұраныс көлемі 483 млн АҚШ долларынан асқан. 7,5 мың бірегей клиент өтінім берген.

Өтінімдер 49 млн АҚШ долларына тең сомаға қанағаттандырылған. Бұл IPO барысында қанағаттандырылған өтінім сомасының 13%-ын құрайды. Қазақстандық нарықта қанағаттандырылған жалпы өтінім сомасының 23%-ы болып отыр.

Бұл ретте өтінімдердің орташа чегі – $6,3 мың тең. Freedom Broker клиенті жіберген өтініштің ең жоғары сомасы – 374 мың АҚШ долларын құрайды.

Брокер клиентінің портреті қандай?

Бастапқы орналастыруға 31-40 жас аралығындағы инвесторлар үлкен қызығушылық танытты. Олардың үлесі 32,3%-ды құраса, екінші орында 21-30 жастағы клиенттер (23,2%) келеді. 41-50 жастағы клиеттердің үлесі 22,7%, болған. 51-60 жастағы аға буын үлесі – 11,9%.

Freedom Finance Global қазақстандықтарға Air Astana акцияларын ертерек сатып алу мүмкіндігін ұсынған болатын. ҒДҚ-мен шартты сауда AIX пен LSE биржасында Астана уақытымен 14:00-де, (Лондон уақытымен 8:00) 9 ақпан күні өтті.

Ал АҚШ долларына деноминацияланған қарапайым акциялардың шартты саудасы дәл осы уақытта тек AIX биржасында өтті. Freedom Broker AIX биржасындағы маркет мейкер болды.

2024 жылғы 9-14 ақпанда AIX-тегі таңғы сауда-саттық көлемі 7,8 млн АҚШ долларын құрады. AIX-те таңғы уақыттағы сауда-саттық шеңберінде жай акцияларға баға белгіленімдері 10,9%-ға, ЖДҚ-ның баға белгіленімдері 7,3%-ға өсті.

Бокер IPO және премаркет шеңберінде барлығы 13 мыңнан астам өтінім жинаған. Оның 9,1 мыңы – жай акция сатып алуға, 3,9 мыңы ЖДҚ-ны сатып алуға берілген. Өтінімдердің басым бөлігін ҚР резиденттері беріп, 95%-ын құрады.

Air Astana акциялары мен ҒДҚ негізгі сауда-саттығы 2024 жылғы 15 ақпанда ашылған. Freedom Broker AIX-тегі сауда-саттық маркетмейкері ретінде әрекет етеді.

Сондай-ақ оқыңыз