Қазақстанда және әлемде қызметкерлерді міндетті сақтандыру қалай қолданылады
Әр мемлекеттің қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша жеке жүйесі қолданылады. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерттеп, Freedom Life ӨСК мамандары, ең жағымды жағдай жасалатын елдерді анықтады. Кейбір елдерде, өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру медициналық сақтандырумен үйлестірілген, ал кейбір елдерде, корпоративтік сақтандыру жаңадан пайда болған және даму кезеңінде.
Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын дүниежүзінде өндірісте зардап шеккендер саны 374 миллионға дейін және өндірістегі өлім жағдайлары 2,78 млн дейін тіркеледі. Бұл, әлемдік ЖІӨ бойынша, 4% дейін жоғалтуға апарады. Жұмыстағы жарақаттарға қатысты төленетін өтемақының жалпы сомасы шамамен, 167 млрд доллар құрайды.
АҚШ
2022 жылы ішінде, өндірісте 4,5 млн-ға жуық жарақаттар және аурулар тіркелген. Кайзер отбасының америкалық денсаулық сақтау Қоры зерттеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, америкалықтардың тек 49%-ы жұмыс берушінің сақтандыруына ие болған. Жұмыс берушілер, өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламасынан басқа, қызметкерлердің денсаулық ахуалын анықтауға және созылмалы ауруларын емдеуге көмектесетін бағдарламаларды қолданады. Аталған бағдарламалар денсаулық тәуекелін бағалауды, биометриялық, скрининг және денсаулықты нығайту бағдарламаларын қамтиды.
Қытай
2021 жылы, тек 354 млн адам (халық саны 1,412 млрд адам құрағанда) қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша қамсыздандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағдарламасы тәуекелдер тізбесіне кіргізілген және әлеуметтік сақтандырумен қамтылған. Өндірісте жарақаттанған немесе кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер, толық еңбекақы алуға және емделу кезеңінде айсайын төленетін жеңілдіктерге құқылы, әдетте, ол 12 айдан аспайды. Әлеуметтік сақтандыру медициналық шығындары сауықтыру, мекендеу және тамақтану шығындарын өтейді.
Қазақстан
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының мәліметтері бойынша, 2023 жылы МӘМС бағдарламасына сәйкес сақтандырылғандар саны 16,6 млн адамды құраған (халық саны 20 млн адам). Қазіргі сәтте, қызметкерлерді міндетті медициналық сақтандыру ставкасы – еңбекақы мөлшерінен 3% құрайды. Аталған сома, қызметкердің еңбекақысынан шегерілмейді, оны жұмыс беруші төлейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандырудан басқа, «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, әр Жұмыс беруші өз қызметкерімен сақтандыру Шартын жасасуға міндетті. Сақтандыру мерзімі – 12 ай. Құны-жеке белгіленеді, және экономикалық қызмет түріне және жылдық еңбекақы төлем қорына байланысты.
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 2023 жылы сақтандыру сыйлықақысының көлемі 87 млрд теңгені құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 22,9% артық. 2023 жылы сақтандыру жарналарының көлемі 14,9 млрд теңге құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 145,7% артық.
Үндістан
Корпоративтік сақтандыру нашар дамыған. Штаттық қызметкерлердің тек 39%-ы өндірісте сақтандырылған. Елдегі компаниялардың тек 5% ғана, өздерінің қызметкерлеріне, медициналық қызмет көрсетудің жиынтық нұсқаларын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы, мүгедектігі және жұмыстағы жазатайым оқиға салдарынан өлімі бойынша шығындарын өтеуді ұсынады. Сондай-ақ 2023 жылы «Корпоративтік Үндінің денсаулық ахуалы туралы Есебі» тақырыбында жүргізілген зерттеуі, созылмалы аурулары бар қызметкерлердің Жұмыс беруші тарапынан қолдауды сезінбейтінін анықтады.
Франция
Еңбекке орналастырылған халықтың 96% қызметкерді міндетті сақтандыру Полисін иеленген. Қызметкерлер үшін, жұмыстағы сақтандыру жағдайларын қамту, соның ішінде, медициналық қызмет көрсету бойынша кең ауқымды қамтулар ұсынылады. Жеңіл жарақаттар немесе ауру кезінде, пациенттерге емделу және қалпына келу шығындары 70% дейін қайтарылады, денсаулығы ауыр жағдайларында – шығындары 100% қамтылады.
Жапония
Халық саны 126 млн құрайтын елде, еңбекқабілетті азаматтарының 77,8 млн өндірісте сақтандырылған. Барлық Жұмыс берушілер, өздерінің толық немесе жартылай толық жұмыс істейтін қызметкерлерін сақтандыруға тиіс. Қызметкерлерді сақтандыру бойынша, медициналық қызмет көрсету, табысынан айырылу, қызметкерге мүгедектік тағайындалу немесе қызметкердің кәсібилік себептеріне байланысты яки жұмыс кезіндегі жазатайым оқиға салдарынан болған өлімі қарастырылған. Аталған сақтандыру, кез келген медициналық емделудің 70% құнын қамтиды. Сонымен қатар, Жапонияда қызметкерлер қосымша сақтандыруды жекеше тәртіпте ресімдейді, жарақаттанған немесе қатты ауырған кезде, қалған шығындарының 30% өтеу үшін.
БАЭ
Бұнда, қызметкерлерді сақтандыру жақында пайда болды. Бұрын компаниялар, әрбір жалдаған қызметкері бойынша банктік кепілдемесін 3 мың дирхам (366,2 мың теңге) төлейтін. 2022 жылдың маусымынан бастап, заңнамаға өзгертулер енгізілді, аталған кепілдеме орнына, Жұмыс берушілерге қызметкерлерді сақтандыру Шартын жасасу мүмкіндігі берілді (WPP Insurance).
Сақтандыру қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді, егер қызметкерге еңбекақы төленбесе, міндетін өтеу бойынша жәрдемақы төленбеген жағдайда, жұмыс орнында жарақаттану кезінде емдеу шығындары қамтылмаса, немесе, репатриация шығындары өтелмесе.
Уругвай
Елде еңбекқабілетті халықтың 90% артығы сақтандырылған. Қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі жиынтық түрде қолданылады және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруды, зейнетақылық қамтамасыз ету, жұмыссыздықты сақтандыру, медициналық сақтандыруды қамтиды. Әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары міндетті болып табылады және еңбекақыға байланысты, соның ішінде, сыйлықақыны қосқанда, және комиссиялық сыйақысы Жұмыс берушімен және қызметкердің өзімен төленеді.
Сингапур
Қызметкерлерді сақтандыру үлесі елдегі кәсіпорындардың 99% таралады. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру-міндетті сақтандыру Полисі, ол жұмыс барысында жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан барлық қызметкерлерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Жұмыс берушілер жұмыс орнындағы қауіпті айқындауға және өз қызметкерлерін жарақаттанудан қорғау үшін, тәуекелді азайту шараларын қолдану бойынша жауапты. Қазіргі күнде, Сингапур өндірістегі жарақаттанудан сақтандыруды кеңейтуді жоспарлауда және 2024 жылдың аяғында заңнамаға енгізілетін өзгертулерге сәйкес, қызметкерлерге зейнетақылық қамтамасыз етуді, тамақ жеткізу қызметкерлері, такси, қоғамдық көлік жүргізушілері үшін сақтандыруды қамтамасыз етуді жоспарлауда. Жаңа ережелер 73 мың қызметкерлерге тиесілі болады.
Осыған дейін Freedom Finance Global Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындарының тұтынушы сенімін, инфляция мен девальвацияға қатысты болжамын төртінші ай қатарынан зерттеуін жариялаған еді.