Алматыдағы «Барахолка» базарының маңында орналасқан қойма жанып жатыр. Өртті сөндіруде қалалық ТЖД құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеп жатыр. Бұл қызыл жалын қауіпі жоғары дәрежеде деп танылған.
Өрт Жетісу ауданы, Көкмайса-27 ықшам ауданында шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 3000 шаршы метрді құрауы мүмкін деген ақпарат шыққанымен, кейін ресми телеграм арнадан алынып тасталды.
Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары енгізілген. Қойма қасында қонақүй орналасқан.
Жедел штаб орналастырылып, өртті сөндірудің екі учаскесі құрылған. Өзара іс-қимыл қызметтері объектіні токтан ажыратып жатыр.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан газ баллонын алып шыққан. Қалалық ТЖД хабарлауынша, жеке құрам өрт орнында қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде. Алайда өрт сөндіруге жарылыс қаупі бар заттардың болуы (газ баллондары) қиындық тудырып тұр.
Қала бойынша жағдайды төтеншеліктер бейне бақылау арқылы бақылап отыр.