7 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Жарияланды (жаңартылды )
7 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді/ shutterstocks

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 8 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

 Абай облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 177 км автожол (қар, боран, жел салдарына) «Омбы-Майқапшағай» – Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы.

 Алматы облысында 2 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі салдарынан) «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» және «Алматы-Ташкент-Термез» -Жаңақұрлыс ауылы -Жамбыл облысынын шекарасына дейін.

Шығыс Қазақстан облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран).»Омбы-Майқапшағай» – Абай облысынын шекарасынан – Зайсан қаласына дейін.

Жамбыл облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, салдарынан). «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейін. Кенен мен Қайнар ауылы арасы.

Жетісу облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 100 км(қар, боран, жел)«Үшарал-Достық» — Көктұма мен Достық арасы.

Қостанай облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысынын шекарасынан- Арқалыққа дейін.

Ұлытау облысында 1 жол учаскесі. Жалпы ұзындығы 115 км (боран жел,). «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті мен Қостанай облысына дейін.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды реттеуге 255 бірлік техника және 382 адам жұмылдырылды.

Төтенше жағдай

Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығынан Абай облысының күре жолдарында төтенше жағдай енгізілді деп хабарладық.

Соңғы күндері Абай облысының аумағында биіктігі 80 сантиметрге жуық қар жауып, бұрқасынға ұласқан. Сондықтан облыс жолдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлады.

«Республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұру шектелді, ал облыста табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді», – делінген хабарламада.

Әсіресе, Қалбатау-Майқапшағай тас жолында 400-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойған. Олады ТЖМ мамандары және жолшылардың көмегімен эвакуациялаған. Жылдам көмек көрсетуге әуе қызметі де тартылған.

Қазіргі кезде Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашық. Күре жолдардың қары күреліп жатыр. Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен жұмысшылар тартылмақ.

Бұған дейін еліміздің 8 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысы шектелгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз