Жаңалықтар

InterContinental Hotels Group Plc қонақүй желісі табысын екі есеге арттырды

InterContinental Hotels Group Plc қонақ үй желісі табысын екі есеге арттырды/Фото:shutterstocks

InterContinental Hotels Group Plc қонақүй желісі 2023 жылы таза кірісті екі есеге арттырды. Сондай-ақ акцияларды сатып алудың ауқымды бағдарламасын жариялады.

Өткен жылы компанияның таза кірісі 750 млн долларды құраса, ал 2022 жылы ол небәрі $375 млн болған. Салыққа дейінгі пайда бір жыл бұрынғы $540 млн-ға қарағанда 1 1,01 млрд-қа дейін өсті.

Компанияның кірісі 18,8%-ға өсіп, 4,62 млрд-қа жетті.

Компанияның кірісі қолжетімді нөмірге есептегенде (жеке сала үшін маңызды revPAR көрсеткіші) төртінші тоқсанда 7,6%-ға өсті. Ал, 2023 жылы 16%-ға көтерілді

Еске сала кетейік, былтыр шетелден 500 мың турист келді: қонақүйлер жарты жылда 99 млрд теңге табыс тапқан деп жазған едік.

2023 жылдың алты айында еліміздегі қонақүйлер туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Штеледен 500 мыңнан аса турист келген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 45%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Туризм министрлігі туристердің Қазақстандағы қонақүйлерге қанша ақша әкелгенін хабарлады. Қонақүйлердің табысы пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда екі есеге жуық өсті.

«2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Былтыр қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 67,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен болатын», деп жазылған хабарламада,

Биыл бірінші жартыжылдықта қонақүй қызметін пайдаланған ішкі туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 мың туристке артық. Ал пандемияға дейінгі деңгейден 1 млн адамға көп.

«Сондай-ақ, биыл қаңтар-маусым аралығында еліміздегі орналастыру орындарына 516 мың шетелдік турист тоқтаған. Бұл көрсеткіш былтырғы нәтижеден 1,8 есе артық. Сонымен қатар, биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 914-ке жетіп, бір уақыттағы сыйымдылығы – 205 мың төсек-орынды құрап отыр»,– деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ, Өтемұратовтың Rixos Borovoe қонақүйіне 4 млн теңге айыппұл салынды деп жазған едік.