Amazon Walgreens орнына Dow Jones өнеркәсіптік индексіне қосылады

Жарияланды
Amazon Walgreens орнына Dow Jones өнеркәсіптік индексіне қосылады / Фото:REUTERS/Pascal Rossignol/File Photo

Amazon.com (AMZN) Walgreens Boots Alliance-тың орнына 30 акцияны қамтитын Dow Jones өнеркәсіптік индексіне қосылады. Бұл туралы investors.com сайты хабарлады.

Reuters ақпаратына сүйенсек, осы жаңалықтан кейін сейсенбі күні кешке Amazon акциялары кеңейтілген сауда-саттықта 1,3% – ға өсті. Ал Walgreens акциялары 3% – ға төмендеді.

S&P Dow Jones индекстерінің ақпаратына сәйкес, бұл өзгеріс сауда-саттықтың басында дүйсенбіде, яғни 26 ақпанда күшіне енеді.

S&P Dow Jones мәлімдемесінде: «Amazon-ды қосу тұтынушылық бөлшек саудасының, сондай – ақ DJIA-дағы басқа бизнес саласындағы әсерін арттырады», – деді.

«Бұл өзгеріс Walmart ( WMT ) акцияларының үштен біріне бөлінуіне байланысты болды»-делінген Dow Jones Indices мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Walmart Dow индексінің бөлігі болып қала береді. Dow Jones индексі әр компанияның жалпы нарықтық құнына емес, оның құрамдас бөліктерінің акцияларының бағасына байланысты өлшенеді.

Amazon акциялары 2023 жылы 81% – ға, 2024 жылы 11% – ға өсті. Технологиялық алпауыттың нарықтық капитализациясы шамамен 1,7 триллион долларды құрайды.

Еске сал кетсек, Джефф Безос Amazon акцияларын 2 млрд долларға сатты деп жазған едік.

Forbes журналының ақпаратына сүйенсек, Безос 8 ақпанда шамамен 12 миллион акцияны сатқан. Қазір байлығы 196 млрд долларға бағаланған әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Өз активтерін екі жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет сатуда. Ол өзіне тиесілі Amazon акциясының бар болғаны 1%-ын сатқан.

Безос шамамен екі жыл бұрын Amazon басшысы қызметінен кеткеніне қарамастан, директорлар кеңесінде қалды. Ол сондай-ақ компанияның ең ірі акционері – оған Amazon компаниясының акциясының 9,4%-ы тиесілі.

Ақпан айының басында Amazon Безос 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін компанияның 50 млн-ға дейінгі акциясын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сатылатын акциялардың жалпы сомасы шамамен $8,5 млрд болмақ. Сату туралы жоспар 2023 жылдың қараша айында қабылданған.

Сондай-ақ оқыңыз