Карл III бейнеленген банкноттар 5 маусымда айналымға шығады

Жарияланды
Карл III бейнеленген банкноттар 5 маусымда айналымға шығады/ Фото: Bank of England

Чарльз III бейнеленген банкноттар Ұлыбританияда 5 маусымда айналымға шығады. Бұл туралы Англия банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, дизайны толық сақталып, монархтың портреті 5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтерде пайда болады.

«Ұлы Мәртебелі Королева Елизавета II бейнесі бар банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді. Сонымен қатар, Король Чарльз III бейнеленген банкноттарымен бірге айналымда болады», – делінген хабарламада.

Банкноттар тек ескірген кезде ғана пайдаланудан алынады немесе сұраныс артқан жағдайда ғана тағы басып шығарылады.

Ақпаратқа сүйенсек, Король Чарльз III бейнеленген жаңа банкноттар айналымда біртіндеп пайда болады.

Еске сала кетсек, 2022 жылы Ұлыбританияда Карл III портреті бар алғашқы банкноттардың тұсауы кесілді деп жазған едік.

Англия банкі 2024 жылы айналымға енетін Король Чарльз III бейнеленген алғашқы банкноттарды таныстырды, деп хабарлады Sky News.

5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтік жаңа купюралардың бет жағында Чарльз III бейнесі пайда болды. Дегенмен, телеарна атап өткендей, дизайн бұрынғы банкноттардан ерекшеленбейді.

Марқұм II Елизавета патшайымның бейнесі бар банкноттар заңды төлем құралы болып қалады. Ал банк оларды ескірген кезде ғана пайдаланудан алып тастайтыны атап өтті. Королеваның портреті алғаш рет 1960 жылы британдық банкноттарда пайда болды.

Желтоқсан айының басында Ұлыбританияда Король III Карлдың суреті бейнеленген 50 пенс монеталары айналымға енді. Банкноттардағы сияқты Елизавета II портреті бар монеталар заңды төлем құралы болып қалады.

Айта кетейік, Ұлыбритания королі Чарльзға қатерлі ісік диагнозы қойылды деп хабарлаған болатынбыз.

Чарльз өткен айда үш түн ауруханада жатқан. Ол ұйқы безінің ұлғаюына қарсы ем қабылдаған. Ем кезінде алаңдаудатарлық мәселелер туындап, корольдің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болған.

«Мәртебелі корольді тұрақты емдеу басталды. Ем алу кезінде дәрігерлер оған мемлекеттік міндеттерін кейінге қалдыруға кеңес берді», – делінген сарай хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз