Инвестиция

Безос Amazon-ның жоспарланған 50 млн акциясын 8,5 млрд долларға сатты

Джефф Безос акцияларын екі жылдық үзілістен кейін 8,5 миллиард долларға сатты/ Фото:shutterstocks

Amazon негізін қалаушы Джефф Безос компанияның 50 миллион акциясын сату жоспарын толық орындады. Ол бұл жоспарын небәрі тоғыз күнде аяқтады, деп жазды Bloomberg агенттігі. Миллиардер Amazon акцияларының сатылу себебін әлі де айтқан жоқ. Ал бұл инвесторларды алаңдататын мәселе.

Джефф Безос 8 ақпанда Amazon акцияларының үш пакетін яғни шамамен 12 миллион акцияны сатқан. Төртінші, соңғы 14 миллион акция пакеті 20 ақпанда сатылды, деп жазады Bloomberg агенттігі.

Айта кетейік, Безос 50 миллион акцияны сату кезінде 8,5 миллиард доллар табыс тапты.

Безос шамамен екі жыл бұрын Amazon басшысы қызметінен кеткеніне қарамастан, директорлар кеңесінде қалды. Ол сондай-ақ, компанияның ең ірі акционері – оған Amazon компаниясының акциясының 9,4%-ы тиесілі, деп жазады Forbes.

Соңғы сатылымдар сериясына дейін кәсіпкер компанияның 970 миллионнан астам акцияларына ие болды.

Безос Amazon акцияларын 2021 жылдың қараша айынан бастап екі жылдан астам уақыт бойы сатқан жоқ. 2023 жылы қараша айында ол компанияға 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін 50 миллион акция сатуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл шешімнің себептері белгісіз.

Нарық

FOX Businessтің хабарлауынша, Безостың ақпан айында себепсіз өткізген сатылымы нарықта алыпсатарлықты үдетіп жіберді. Бұл өз кезегінде Amazon қағаздарының құнына әсер етті.

Акциялардың сатылу нұсқаларына тоқталсақ

Безос қағаздарды Сиэтлден Майамиге көшуіне байланысты сатуы мүмкін. Ол қоныс аудару туралы шешімін ата-анасына жақын болғысы келгенімен түсіндірді.

Сондай-ақ, оның жеке себептерінен басқа, прагматикалық тұрғыдан да қарау қажет. Яғни Сиэтлде Безос өзінің жасаған мәмілесінде 600 миллион долларға жуық салық төлейтін еді. Ал Флорида штаты федералды салықтарға қосымша табыс және капитал өсімі салығын алмайды.

CNBC атап өткендей, Amazon негізін қалаушы өзінің қайырымдылық қызметін, Blue Origin аэроғарыштық компаниясын қаржыландыру және жылжымайтын мүлік сатып алу үшін жыл сайын миллиардтаған доллар акцияларды сатып отырған. Алайда, 2022 және 2023 жылдары Вашингтонда жаңа салық енгізілгеннен кейін Безос өз компаниясының қағаздарымен мәміле жасамады.

Еске сала кетсек, Джефф Безос Amazon акцияларын 2 млрд долларға сатты деп жазған едік.

Forbes журналының ақпаратына сүйенсек, Безос 8 ақпанда шамамен 12 миллион акцияны сатқан. Қазір байлығы 196 млрд долларға бағаланған әлемдегі ең бай адамдардың бірі өз активтерін екі жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет сатуда. Ол өзіне тиесілі Amazon акциясының бар болғаны 1%-ын сатқан.

Ақпан айының басында Amazon Безос 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін компанияның 50 млн-ға дейінгі акциясын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сатылатын акциялардың жалпы сомасы шамамен $8,5 млрд болмақ. Сату туралы жоспар 2023 жылдың қараша айында қабылданған.