Кеңес Рақышевтың Fincraft Group компаниясы шығынға батып отыр. ЖШС акционерлеріне дивиденд төлеуден бас тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған есепте жазылған.
«Fincraft Group» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы серіктестіктің 2023 жылдың төртінші тоқсанындағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
Облигациялары Биржаның ресми тізімінде тұрған «Fincraft Group» ЖШС (Алматы) оның жалғыз қатысушысы KASE-ге хабарлаған.
Құжатқа сәйкес, серіктестіктің 2023 жылдың төртінші тоқсанындағы жеке қаржылық есептілігі бекітілген. Әрі 2023 жылдың төртінші тоқсанындағы қызмет қорытындылары бойынша таза кірісті бөлмеу және дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданған.
Еске сала кетсек, Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі Кеңес Рақышевтың компаниясы 2023 жылдың 9 айындағы таза кірісін бөлмеген еді.
Сонымен қатар Fincraft Resources компаниясы Тастөбе кен орнын игеру құқығына ие «Nomad west oil» ЖШС-нің 50% үлесін сатып алды. Аталған компанияға да Кеңес Рақышев иелік етеді.
Fincraft Resources-тің үш акционері бар. Олар: Fincraft Group LLP (78,39%), Heathpoint holdings limited (9,76%), Volver company ЖШС (6,22%). Fincraft Group-тың жалғыз иесі – Кеңес Рақышев. Heathpoint holdings limited 2018 жылдың 8 қарашасында Кипр юрисдикциясында тіркелді. Volver компаниясының екі қатысушысы бар. Олар: Logopark North Real Estate Limited және SG Future Growth Limited.
Кеңес Рақышев осы компаниясы арқылы бірнеше компанияға иелік етеді. Оның ішінде, BMT Holding Limited жеке компаниясы (100%), «SAT Nikel» ЖШС (100%), «Ертіс ферроникель комбинаты» ЖШС (93,4%), SAT Petrochemicals (100%), «Центрально-Азиатская инвестиционно-консалтинговая компания» ЖШС (99,9%) бар.
2023 жылы тамызда инвестиция нарығының ойыншылары қатарынан Рақышевтің Fincraft инвестициялық үйі шықты. Компанияның брокерлік-дилерлік қызмет пен инвестициялық портфельді басқаруға рұқсат беретін лицензиясы тоқтатылған. Ашық көздердегі ақпарат бойынша компания активтері 11,3 млрд теңге.