Qiwi банк лицензиясынан айрылғаннан кейін клиенттер әмияндарын толтырып, одан ақша ала алмай отыр.
Енді Qiwi әмияндарға басқа банктерден ақша аудару мүмкін емес. Сонымен қатар шоттағы қаржыны шешіп алатын да мүмкіндік жоқ.
21 ақпан Ресей Федерациясының Орталық банкі Qiwi банкінің лицензиясын қайтарып алды. Реттеуші мұндай шешімді банктің федералды заңдарды, оның ішінде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске (AML/CFT) байланысты қабылдады. Бұған қоса Орталық банктің нормативтік құқықтық актілеріне қайшы әрекеттер тіркелген.
Осыдан кейін Qiwi америкалық депозитарлық қолхаттары Мәскеу биржасындағы сауда басында 24,9%-ға, 360,5 рубльге дейін төмендеді.
Qiwi банкінің қызметі, реттеуші атап өткендей, жеке тұлғалар мен көлеңкелі бизнес арасындағы есеп айырысуларды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ тәуекелі жоғары операцияларға қатысумен, соның ішінде криптовалюталардың, заңсыз онлайн казинолардың, букмекерлік кеңселердің және т.б. пайдасына ақша аударымдарымен сипатталды. Бұған қоса Реттеуші енгізген шектеулерді айналып өтудің жаңа жолдарын іздеуге қатысты жайттар анықталған.
РФ Орталық банкі қаржы ұйымының жеке тұлғалардың деректерін пайдаланып, оларға хабарламастан арнайы операцияларды жүзеге асыру фактілерін анықтады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемін өздеріне Qiwi әмияндар арқылы аударатын. Бұл мәселеге қатысты мемлекеттік органдар әлі түсініктеме берген жоқ.