Қытай азаматы салықтан жалтару үшін қазақстандықтың атынан компания ашқан

Жарияланды
Салықтан жалтарған
Салықтан жалтарған азаматтар мемлекет пайдасына 1,4 млрд теңге төлейді / Фото: shutterstock

Қытай азаматы салықтан жалтару үшін Қазақстан азаматының атынан компания ашқан. Салдарынан мемлекет қазынасына 1,5 млрд теңгеге жуық салық төленбеген. Бұл жайды Қаржым мониторингі агенттіігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе соты «Азия Бақанас» ЖШС басшысы Мұрат Ақышқа және Қытай Халық Республикасының азаматы Чэнь Гоцынға (CHEN GUOQING) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қараған.

Салықтан қалай жалтарған?

Олар қандай схемамен жұмыс істеген? Тергеу барысында ұйымдастырушы Чен Гоцынның алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркегені анықталған. Солайша Чен Гоцын сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасап, заң талаптарын бұза отырып, салық төлеуден жалтарған.

Сот қандай үкім шығарды? Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Мұрат Ақыш 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот төленбеген салық сомасын өндіруді міндеттеген. Оған сәйкес бұл қаражатты екеуі бірлесе отырып өтейді.

Егов порталындағы мәліметтерде «Азия Бақанас» компаниясының 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысымен айналысатыны жазылған.

Бүгін «Курсив» Қытай хакерлерінің қазақстандықтарды байланыс операторлары арқылы аңдып келгені туралы жазды.

CERT компьютерлік қауіпке жауап беру қызметі Қытай хакерлерінің екі жыл бойы ақпарат ұрлап келгенін мәлімдеді. Ақпан айында GitHub ресурсында белгісіз адамдар Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мердігері – қытайлық Іsoon компаниясының құпия деректерін жариялаған. Құпия деректерге сай, қытайлық хакерлік топ қазақстандық байланыс операторларының маңызды инфрақұрылымына толық қол жеткізгені анықталған. Шабуылдаушылардың мақсаты мәліметтер базасы сияқты жалпы ақпарат және жеке тұлғалардың ақпараты болған. Олар жеке тұлғалардың хат алмасуларын, қоңыраулары мен қозғалысын бақылап отырған.

Деректерді талдау барысында ұрланған ақпараттың көлемі терабайтпен өлшенетіні анықталған. Мәселен, 2019-2020 жылдары жария болған ақпарат көлемі beeline.kz – 637gb, kcell.kz-те — 820gb. Ал tele2.kz — 1.09 tb, telecom.kz-те — 257gb құрады.

Хакерлер Ақпаратта ҚР Бірыңғай Ұлттық зейнетақы қоры (БЖЗҚ) туралы да жазылған. 2019 жылға enpf.kz жүйесінен алынған ақпарат көлемі 1.92 ГБ құрады. Бұдан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Air Astana авиатасымалдаушысының деректері туралы да ақпарат бар.

Сондай-ақ оқыңыз