Бейсенбіде Жапонодық Nikkei 225 индексі 34 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Ал Уолл-стриттің күткенінен асып түскен NVIDIA нәтижелері жапон нарығына қосымша серпін берді.
Токио қор биржасының қорытындысы бойынша, Nikkei 225 индексі рекордтық 39 000 пунктке жетті, деп жазды Financial Times.
CLSA брокерлік компаниясының қызметкері Такео Камаи сауда алаңындағы көңіл-күйді «эйфория мен таңдану» деп сипаттады. Оның айтуынша, индекстің соңғы серпілісі америкалық ЖИ чип өндірушісі бір күн бұрын сауда-саттық жабылғаннан кейін жариялаған NVIDIA-ның керемет нәтижесінен туындағаны анық.
Жыл басынан бері Nikkei 225 17,5% – ға өсті. Мұндай көрсеткіш оны әлемдегі ең динамикалық негізгі индекске айналдырды.
Сарапшылар не дейді
1989 жылы соңғы сауда күнінде рекордтық көрсеткіш 38 957 пунктке жеткен. Ол кезде 15 жапондық компания нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі 20 компанияның қатарында болған еді. Токио трейдерлері 34 жыл бұрын қол жеткізілген рекордтты жаңартуды «темір табыт қақпағы” деп атады.
«Жапония бұл тосқауылды бәрібір еңсерді», — деді Goldman Sachs компаниясының жапондық акцияларының бас стратегі Брюс Кирк. Оның айтуынша, соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде инвесторлар Жапонияның қор нарығындағы жағдайды 1989 жылғы рекордпен үнемі салыстырады.
«Трейдерлер үшін бұл жаңа дәуірдің келуін білдіреді. Қор нарығы бізге дефляциядан арылғанымызды білдіреді», – дейді AU Kabutom Securities сарапшысы Цутому Ямаду.
FT мәліметінше, Bank of America стратегтері енді Nikkei бұл жылы 41 000 пунктпен аяқтайды деп болжап отыр.
Жапондық акциялар нарығының талдаушысы Пелхэм Смитерс:» Компаниялар дұрыс жұмыс істей бастады. Яғни баланстарды, операциялық кірісті жақсартты»,-дейді.
Еске сала кетсек, Nvidia тағы да рекордттық кірісті көрсетті деп жазған едік.
Есеп беру кезеңінің алдында NVIDIA акциялары төмендеп барып, қайта өсе бастады. Нью-Йорктегі сауда-саттық қор нарығы жабылған кезде компанияның қағаздары 2,85% – ға төмендеп, яғни $674,72 құрады.