Инвестициялар

Nvidia тағы да рекордттық кірісті көрсетті

Nvidia тағы да рекордттық кірісті көрсетті / Фото: Timur Garifov / Unsplash

Есеп беру кезеңінің алдында NVIDIA акциялары төмендеп барып, қайта өсе бастады. Нью-Йорктегі сауда-саттық қор нарығы жабылған кезде компанияның қағаздары 2,85% – ға төмендеп, яғни $674,72 құрады. Nvidia компаниясы 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың қаңтардағы көрсеткіштерін жариялағаннан кейін оның акциялары бірден көтерілді.

Компания есебіне тоқтала кетсек

— Қараша-қаңтар айларындағы кіріс компания күткеннен де жақсы нәтиже көрсетті. Бір жыл бұрынғы $6,1 млрд-қа қарағанда, биылғы кіріс $22,1 млрд құрады. Дәлірек айтсақ бұл өсімнің 265% тең.

— Тоқсандық таза пайда $12,3 млрд құрады. Ал өткен тоқсандық таза пайда $1,4 млрд құрады.

— Тоқсан қорытындысы бойынша бір акцияға түзетілген пайда (EPS) бір жыл бұрынғы $0,88-ге қарағанда $ 5,16-ға жетті.

— 2024 жылы қаржылық кіріс өткен жылғымен $27 млрд-пен салыстырғанда $60,9 млрд құрады (өсім 126%).

— 2024 жылдың қаржылық қорытындысы бойынша таза пайда $ 4,368 млрд-қа, Яғни 581%-ға өсті.

— 2025 жылы 30 сәуірде аяқталатын бірінші тоқсанында Nvidia $24 млрд немесе 2% кіріс күтеді. Бірақ сарапшылар компанияның табысы төмен болатынынын болжап отыр. Яғни сарапшылар $22,2 млрд қана кіріс кіретіндігін айтады.

Сарапшылар не дейді

«Nvidia компаниясы жасанды интеллект (ЖИ) айналасындағы керемет көрсеткіштің айқын көрінісі болды. Өйткені компания генеративті ЖИ-пен жұмыс істейтін процессорлар шығарады және оларға деген сұраныс өте жақсы. Осы сұранысқа негізделсек бұл компаниялардың табысы артады «,-деді Seven reports негізін қалаушы Том Эссей Bloomberg агенттігіне.

«Nvidia қайда барса, нарық та сол жаққа қарай жылжиды. Компанияның нәтижелері керемет. Мұндай нәтиже ЖИ-тің нарыққа әсері болашақта әлі де күшті болады деген тезисті растайды»,-деді Bokeh Capital Partners инвестициялық талдаушысы Ким Форрест.

«Бұл инвесторлар үшін өте оптимистік әрі серпінді мүмкіндік. Nvidia бізге жасанды интеллект ешқайда кетпейтінін көрсетті. Ең бастысы, компания жасанды интеллектке деген қызығушылықты нақты табысқа айналдыруға болатындығын дәлелдеді. Бұл өте күшті және олар Уолл-стриттің болжамдарынан асып түседі», — дейді 50 Park Investments негізін қалаушы Адам Сархан.

Акция

MarketWatch сауалнамасына қатысқан сарапшылардың көпшілігі NVIDIA акцияларының болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. 55 адамның 43-і оларды сатып алуға кеңес береді.

Айта кетейік, АҚШ-та технологиялық компаниялардың акциялары төмендесе, Еуропа қор нарығында құнды қағаздар өсіп жатыр деп жазған едік.