Reddit Google-мен келісімшартқа отырды

Жарияланды
Reddit Google-мен келісімшартқа отырды/ Фото: Kim Menikh / Unsplash

Reddit әлеуметтік желісі Google-мен келісімшартқа отырды. Google бұл желіні жасанды интеллектінің модельдерін оқыту үшін пайдаланады. Ал биржаға шығуға дайындалып жатқан Reddit әлеуметтік желілермен жарнама үшін қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа табыс көзін табуға ниетті. Google-мен келісімшарт оған пайда әкелетіні анық.

Reddit Google-мен ЖИ мазмұнын лицензиялау туралы келісімшарттан жылына шамамен $60 миллион алады, деп жазды Reuters дереккөзге сілтеме жасай отырып.

 «Бұл мәміле  IPO-ға шығуға дайындалып жатқан Reddit-тің TikTok пен Meta жарнама берушілері үшін қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа табыс табуды көздейтінін көрсетеді», – делінген хабарламада.

Өткен аптада Reddit келісімшарты туралы бірінші болып хабарлаған Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, бұл әлеуметтік желінің кірісі 2023 жылы 20% – ға өсті. Яғни 800 миллион доллардан асты. Корпоративтік әлемді шарпыған жасанды интеллектінің арқасында табуға болатын қаржы көздері Reddit-ке IPO-ға шығуды тездетуге көмектеседі, деп атап өтті ақпарат агенттігі.

2005 жылы құрылған Reddit форум ретінде белгілі.  Бұл жерде желі қолданушылары сұрақ қоя алады. Сарапшылардан, саясаткерлер мен атақты адамдардан жауап алуға болады. Ал жақында жеке инвесторлардың активтермен сауда-саттықты үйлестіру үшін жиналатын алаң ретінде танымал болды. Осы инвесторлардың бірлескен «ойыны» бірқатар америкалық компаниялар мен бағалы металдардың акцияларының бағасының күрт өзгеруіне әкелді.

IPO Reddit

Reddit IPO-ға шығу үшін үш жыл бұрын өтініш берген. The Wall Street Journal дереккөздерінің айтуынша, Reddit Нью-Йорк биржасында (NYSE) листингті жоспарлап отыр.

Reuters деректеріне сүйенсек Reddit өз акцияларының шамамен 10%-ын сатпақ. Бірақ баға диапазоны әлі анықталған жоқ. Bloomberg-тің айтуынша, Reddit әлеуетті инвесторлармен алғашқы кездесулерден кейін кем дегенде  $ 5 млрд деңгейінде бағалауды күтеді.

Rainmaker Securities және Forge Global сауда платформаларының мәліметтері бойынша, Reddit-тің жеке сауда-саттық деректеріне сәйкес компанияның нарықтық құны 4,5-4,8 млрд долларға бағаланады.

2021 жылы технологиялық компаниялардың өрлеу кезеңінде  Reddit $ 10 млрд-қа бағаланды. Бірақ содан бері жағдай өзгерді. IPO нарығындағы белсенділік бәсеңдеді, технологиялық алпауыттар жұмысшы санын қысқартуда деп жазды Bloomberg.

Еске сала кетсек, жасанды интеллект еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз