Инвестиция

Rivian сұраныстың төмендеуіне байланысты қызметкерлерінің 10% қысқартады

Rivian сұраныстың төмендеуіне байланысты қызметкерлерінің 10% қысқартады/Фото:Leo_Vision/unsplash

Электромобиль өндірушісі Rivian Automotive штаттық қызметкерлерінің 10% қысқартуды көздеп отыр. Сондай-ақ өндірістің мақсатты көрсеткішін сарапшылардың болжамынан да төмен қоюды жоспарлады.

Мұның себебі-электромобильдерге сұраныстың өсуінің болмауы. Сондай-ақ тұрақсыз экономикалық жағдай, деп жазады Bloomberg компанияның есебі мен хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Нақтылап кетсек

Биыл Rivian бұрынғыдай 57 мың автомобиль шығаруды жоспарлаған. Ал, Уолл-стрит сарапшыларының болжамынша, 2024 жылы 80 мың машина шығаруы тиіс еді.

Сондай-ақ, компания EBITDA бойынша $2,7 млрд шығын күтетінін мәлімдеді. Ол мұндай болжамды «экономикалық және геосаяси қысым мен ФРЖ-ның жоғары мөлшерлемесіне байланысты» жасады, деп агенттік компанияның мәлімдемесін келтіреді.

Сұраныстың төмендеуі

«Бұл жағдай Rivian-ның электромобильдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс төмендеген жағдайда ауқымды өндірісті жоспарлау арқылы қандай қиындықтарға тап болғанын көрсетеді»-, деп атап өтті Bloomberg.

2021 жылы компанияның сәтті IPO-сы болған кезде, ол Tesla-мен бәсекелес болуды көздеді. Алайда сол кезден бастап, ол тек тасымалдау мәселелерімен бетпе-бет келген.

«Біз болашақта автомобиль өнеркәсібінің толық электрлендірілетініне сенеміз. Бірақ қазір макроэкономикалық жағдайдың қолайсыз екенін мойындаймыз», – деді Rivian басшысы Роберт Джозеф Скаринг.

Үнемдеу режимі

Қызметкерлерді қысқарту – шығындарды азайтудың агрессивті жоспарының бөлігі. Компания өткен жылы да, 2022 жылы дабіраз қызметкерлерін жұмыстан шығарды.

2023 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша компания бір акцияға 1,36 доллар шығын туралы есеп берді. Ал Bloomberg бағалауы бойынша, ол 1,33 доллардан аспауы керек еді. Яғни тоқсандағы кіріс 1,32 млрд құрады. Бұл сарапшылардың күткенінен де біршама асып түсті.

Компания төртінші тоқсанда шығарылған әрбір көліктен 40 мың доллардан астам шығынға ұшырады. 2023 жылдың үшінші тоқсанында мұндай шығындар 30 мың доллардан сәл асты, деп хабарлайды агенттік. Сонымен қатар, бір жыл бұрын компания әр машинада 124 мың доллардан айырылды. Оның өндірістік желілері жабдықтау проблемаларына байланысты компоненттерді ала алмады.

Акциялары не болады ?

Сәрсенбіде сауда-саттықтың жабылуына қарай Rivian акциялары 3,15% – ға төмендеді және есептілік жарияланғаннан кейін постмаркетте құлдырауды жалғастырды. EST 19:00-ге дейін олар минус 15,59% – ға кетті.

MarketWatch сауалнамасына қатысқан сарапшылардың жартысынан көбі (28-ден 15-і) Rivian қағаздарын сатып алуды ұсынады. Он адам оларды ұстауға кеңес береді (Hold), біреуі сатуға (Sell), ал тағы екеуі оларға Overweight рейтингін берді (сала бойынша орташа деңгейден жоғары).

Еске сал кетсек, Lucid сұранысты арттыру үшін электромобильдердің бағасын төмендетті деп жазған едік.