Qiwi Bank-тің лицензиясынан айырылуы Қазақстандағы Qiwi әмиянына әсер еткен жоқ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
QIWI әмиянын
Қазақстандықтар QIWI әмияндарын пайдала береді. Фото: kursiv.media

Qiwi Bank-тің лицензиясына айырылуы Қазақстандағы QIWI әмиянын пайдалануға әсер еткен жоқ. Бұл туралы компанияның «Курсив» сауалына берген жауабында жазылған.

Қазақстандағы клиенттер Qiwi әмиянын бұрынғысынша пайдалана бермек. Ақша салып, алып, теңгедегі операцияларды жүргізуіне еш шектеу жоқ.


«Qiwi Қазақстан жергілікті бизнесіне бұл жағдай әсер еткен жоқ. Қызметтерге жүктеменің артуына байланысты уақытша техникалық ақау байқалғанымен, олар сәтті шешілді және компания әдеттегідей қызмет көрсетіп жатыр», – делінген жауапта.


Теңгедегі теңгерімдегі әмиян иелері бүкіл қызметтерді шектеусіз пайдалана алады. Ал рубль әмияндарын пайдаланушылар транзакция өткізу, айырбастау және басқа да қызмет кезінде уақытша қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Ресейдің депозиттерге кепілдік беру агенттігінің дерегінше, QIWI әмиянындағы қаражат электронды төлем құралы және сақтандырылмайды.

Рубльдегі әмиян иелері Qiwi банкін тарату барысында үшінші кезектегі кредиторлар болып есептеледі. Әмиянды Қазақстаннан да, Ресейден де пайдаланушылар теңгеріміндегі ақшаны рубль, доллар және еуромен талап ете алады.

Қазақстан азаматтары ЖСН, жеке басын куәландыратын және банк деректемелерін көрсетуі қажет.

Бұған дейін Qiwi банк лицензиясынан айырылғаннан кейін әмияндары арқылы өтетін транзакцияларды бұғаттаған болатын. Банк клиенттері әмияндарын не толтыра, не одан ақша ала алмай отырғанын хабарланған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемін өздеріне Qiwi әмияндар арқылы аударатын. Бұл мәселеге қатысты мемлекеттік органдар әлі түсініктеме берген жоқ.  

Ал Қырғызстанда Qiwi әмияндарының жұмысына шектеу қою мәселесі қаралып жатыр. Қырғыстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, «Киви Банк» АҚ-ның халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің операторы және халықаралық электрондық ақша жүйесі/халықаралық электрондық ақша эмитенті ретінде тіркеуі жойылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз