ҚНРДА биыл цифрлық қаржы құралдары нарығының құқықтық негізін әзірлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
цифрлық қаржы
Цифрлық қаржы құралдарына қатысты заң әзірленбек. Фото: shutterstock.com

2023 жылы қор нарығын капиталдандыру 13,0% немесе 4,6 трлн теңге өскен. Қазір капитал көлемі 40,2 трлн теңгені құрайды. Жалпы ішкі өнімге шаққанда 35,3 пайызға тең. Өткен жыл инфляция қарқынының төмендеуі және жаһандық қор нарықтарының қалпына келуімен ерекшеленген. Биыл ҚНРДА цифрлық қаржы құралдары нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құқықтық негіз әзірлейді.

Агенттіктің күш-жігері инвестициялық және венчурлік қорлар туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, ұлттық рейтингтік агенттіктің қызметі үшін заңнамалық жағдайлар жасауға, қаржы нарығында ESG қағидаттарын ықпалдастыру, сондай-ақ ШОБ-тың қор нарығына қолжетімділігін кеңейтуге шоғырландырылатын болады.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина. Әбілқасымова бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылармен кездесуінде мәлімдеген.

Акциялар нарығын капиталдандыру 26,7 трлн теңгені құраған. Былтыр бұл көрстекіш 26,4%-ға артып, ІЖӨ-нің 23,5%-ын құрады. Айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 13,5 трлн теңгені құрап, алдыңғы жылға қатысты 6,5%-ға төмендеген.

Былтыр бағалы қағаздар нарығында таза пайда 1,5 есе, клиенттік база 2,5 есе өскен. Сондай-ақ Агенттіктің меншікті капитал жеткіліктілігі жөніндегі талабы артығымен орындаған. Бөлшек инвесторлар қатары да артып, Орталық депозитарийде ашылған шо саны 2,4 млн құрады.

«Биыл Қазақстанның қор нарығының жаһандық капитал нарықтарына ықпалдасуын күшейтуге, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде тәуекелдерді барынша азайтуға  басымдық берілмек. Орталық депозитарийді өңірлік есеп айырысу-есепке алу хабына трансформациялау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сондай-ақ деривативтер нарығында және валюта нарығында орталық контрагенттің функцияларын KASE клирингтік орталығына беру жөніндегі іс-шаралар аяқталады», дейді ресми ақпарат.

Сондай-ақ, агенттік қор нарығын Risk Assessment and Supervision System (RASS) моделі негізінде қадағалауын жалғастырмақ.

«2024 жылы Агенттік Risk Assessment and Supervision System (RASS) моделі негізінде бағалау, қадағалап стресс-тестілеу, қаржылық және реттеушілік есептілікті талдау түріндегі ағымдағы қадағалау құралдарын пайдалану арқылы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметінде тәуекелге бағдарланған қадағалауды және тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады», – делінген хабарламада.

Реттеуші өтініштерді, клиентке ұсынылатын қаржы өнімдерін, клиенттік база көлемін, іскерлік беделін талдау және бақылау сатып алуды жүзеге асыру жолымен тәуекел-бейінін бағаламақ.

Агенттік міндеттерінің жеке блогы нарықтың ішкі өтімділік көрсеткіштерін жақсартуға және инвестициялар үшін қауіпсіз орта құруға арналған.

Сондай-ақ оқыңыз