Қазақстанда 200 млн доллар жеке қаражат геологиялық барлау жұмысына жұмсалып жатыр – сарапшы

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда 200 млн доллар жеке қаражат геологиялық барлау жұмысына жұмсалып жатыр /Фото: коллаж kursiv.media

Қазақстан жаһандық мыс нарығының негізгі ойыншысы бола алады. Бұл Қазақстан тау-кен палатасы директорлар кеңесінің мүшесі Тим Барридің мәлімдемесі.

Сарапшының айтуынша, соңғы 8 жылда әлемде жыл сайын шамамен 3 млн тоннаға жуық мыс өндірілді. 2023 жылдан бастап халықаралық нарыққа шамамен 7 млн тонна мыс қажет бола бастады.

«Біз мыс жеткізу көлемін ұлғайту қажет екенін көріп отырмыз. Қазақстан жаһандық мыс нарығының негізгі ойыншысы бола алады. Сіздерде 100 мың тоннаға жуық мыс өндіретін Ақтоғай кен орны бар. 2024 жылғы сұранысты қанағаттандыру үшін осындай ірі карьерлердің санын көбейту қажет. Мұндай карьерлер жыл сайын пайда болуы керек», – деді Тим Барри Астанада тау-кен өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға арналған конференцияда.

Қазақстан тау-кен палатасы директорлар кеңесінің мүшесі әлемде мыс қоры жеткілікті, алайда барлау жұмысында олқылық бар деп мәлімдеді.

«Әлемде мыстың игерілмеген 40 ірі кен орны бар. Оның жалпы қоры шамамен 470 млн тоннаны құрайды. Бірақ әлемдік мыс өндіру саласында түйіткіл бар. Мысалы Филиппиннің ірі мыс өндірушісі мыс қорын барлауға рұқсат беретін 75 лицензияны алмаған. Чили лицензиясы жоқ компанияларға салынатын салық көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Мексика мысты ашық әдіспен өндіруге тыйым салмақшы. Осы жағдай әлемдік мыс өндіру көлемін 120 млн тоннаға дейін төмендетеді», – деді Тим Барри.

Ол жоғарыдағы жағдай Қазақстанның мыс нарығындағы рөлін арттыруы мүмкін екенін мәлімдеп, бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең ірі юрисдикциялардың біріне айналып отырғанын айтты.

Мыс сатудан қанша табыс түсті?

«Өткен жылы сәуір айында Қазақстан үкіметі 71 мың шаршы шақырым жерге геологиялық барлау жүргізуге лицензия ұсынды. Биыл қаңтар айында тағы 180 мың шаршы шақырым жерге геологиялық барлау жүргізуге рұқсат берілді. Біз Қазақстанда 200 млн доллар жеке қаражаттың геологиялық барлау жұмысына жұмсалып жатқанын және елдің инвестициялық тартымдылығы жоғарылап келе жатқанын білеміз», – деді Қазақстан тау-кен палатасы директорлар кеңесінің мүшесі.

Бұған дейін Қазақстан шетелге сатылатын түсті металдардың барлық түрін қысқартты. Оның ішінде 2023 жылдың 11 айында елден 364,4 мың тонна мыс шығарылды. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға аз. Қазақстан осы металды экспорттаудан 2 2,9 млрд табыс тапты.

Негізгі сатып алушы – Қытай мыс сатып алу көлемін 16,3%-ға немесе 216,4 мың тоннаға дейін төмендетті. Мыс экспорты Грузияға – 16,8 мың, Ұлыбританияға – 6,6 мың, БАӘ-ге – 4,8 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал Түркияға керісінше, 106,8 мың, Латвияға 10 мың тонна көп мыс сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз