Коронавирусқа қарсы вакцинаның сатылымы төмендесе де, Moderna акциялары өсті
Moderna фармацевтикалық компаниясының акциялары төртінші тоқсанда және былтырғы жылдың қорытындысын жарияланғаннан кейін, күрт өсті.
Бейсенбіде Нью-Йорктегі сауда-саттықтың жабылуы кезінде ол 13,53% көрсетті. Жылдың соңғы үш айындағы құнды қағаздардың кірісі сарапшылардың күткенінен жоғары болып шықты. Тіпті Мoderna-ның жалғыз нарықтағы өнімі-Covid-19 вакцинасының сату қарқыны төмендесе де ақция құнын түсірмеді.
Reuters ақпаратына сүйенсек, сарапшылардың айтуынша, компания биылғы жылы АҚШ билігінен респираторлық синцитиальды вирусқа (РСВ) қарсы жаңа вакцинаның мақұлдауын күтіп отыр. Олардың пайымдауынша бұл қуантарлық жаңалық болары сөзсіз.
Агенттіктің хабарлауынша, CIG сарапшылары төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша бір акцияға 97 цент болатын шығынды болжаған. Ал компания бір құнды қағазға $ 0,55 пайда туралы есеп берді. Соңғы есепке сәйкес, кіріс 40% -ға қысқарды. Яғни $4,859 мрлд доллардан $ 2,793 млрд-қа дейін азайды,- деп атап өтті Reuters.
Modernaның қаржы директоры Джеймс Моктың айтуынша, бұл кіріс компанияның күткенінен асып түсті. Вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін Gavi халықаралық үкіметтік емес ұйымымен ынтымақтастықтан кейін, 600 миллион кіріс кейінге жоспарланған еді. Алайда, ол кейінге қалдырылған кіріс «табысты арттырудың ең жақсы тәсілі емес» деп жазды CNBC.
Қайта құрылымдау
Компания шамамен 300 миллион долларды өнім шығаруды түзетуге бағытталған шаралар арқылы үнемдей алды. «Қайта құрылымдау үшінші тоқсанның аяғында аяқталды. Бірақ өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету үшін әлі көп жұмыс қажет», – деді Moderna қаржы директоры Джеймс Мок.
Third Bridge зерттеу компаниясының сарапшысы Ли Браун компанияныны қайта құрылымдау болашақта өндірістің артуына көбірек инвестиция салуға мүмкіндік береді деп санайды.
Жаңа өнімдер
2024 жылы Moderna компаниясы 4 миллиард долларға дейін сатылымнан табыс табатындарын болжап отыр. Оның ішінде респираторлық синцитиальды вирусқа (РСВ) қарсы вакцинасы бар. Егер бұл өнімдер шығарылса , онда компания нарыққа шыға алады. Сондай-ақ The Wall Street Journalдың пайымдауынша, сатудан түскен қаржы көлемі 2,5 миллиард долларға бағаланады.
Компания басшысы Стефан Бансель былай түсіндіреді: вакцинаның бәсекелтерден артықшылығы болады. Өйткені вакцинаға нақты қажет дозасы бар шприцтерді жеткізеді. Бұл оны пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді дейді.
Сонымен қатар, қараша айында компания тұмау мен ковидке қарсы вакцинаның жаңа комбинациясының тұсаукесерін кейінге қалдырды. Кәсіпорын оны 2025 жылы көпшілікке ұсынбақшы.
CNBC ақпаратына сәйкес, Moderna компаниясында 45 өнім бар. Атап айтқанда, компания Merck-пен бірлесіп қатерлі ісікке қарсы вакцина дайындамақ. Жаңа өнім Keytruda иммунотерапиясымен бірге әртүрлі сипаттағы ісіктермен күресе алады.