Шри-Ланка Иранға 20 миллион долларға шай экспорттады

Жарияланды
Шри-Ланка чаем погасила долг $20 млн перед Ираном за нефть
Шри-Ланка Иранға 20 миллион долларға шай экспорттады/ shutterstock

Шри-Ланка билігі 251 миллион доллар мұнай қарызының бір бөлігін өтеу үшін Иранға 20 миллион долларға шай экспорттағанын хабарлады. Бұл туралы South China Morning Post басылымы мәлімдеді.

Бұл келісім батыстық санкция қысымына ұшыраған Иранға шай импортына ақы төлеу үшін шетел валютасын пайдаланбауға мүмкіндік береді.

Шри-Ланка Премьер-Министрі Динеш Гунаварденаның баспасөз қызметі Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахианмен келіссөздерден кейін, Иранға 20 миллион долларға шай экспортталды деп хабарлады.

«Мұнайдың орнына шай» мәмілесі 2021 жылдың желтоқсан айында келісілді. Бірақ мемлекеттегі экономикалық дағдарысқа байланысты экспорт кешіктірілді.

Шри-Ланка шенеуніктері бұған дейін, шайды мұнайға айырбастау АҚШ-тың Иранға қатысты санкцияларын бұзбайды деп мәлімдеген. Өйткені шай азық-түлік болып табылады. Сондықтан қара тізімге енгізілген Иран банктермен мәміле жасамайды.

2022 жылдың сәуірінде Шри-Ланка 46 миллиард доллар сыртқы қарызы үшін дефолтқа ұшырады. 2023 жылдың басында халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) 2,9 миллиард доллар көмек алды.

Еске сал кетсек, Үндістандағы AI нарығының табысы 2027 жылға қарай 17 млрд долларға жетеді деп хабарладық.

Үндістандағы жасанды интеллект қызметтері нарығының табысы 2027 жылға қарай 17 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Қазір жылына 25-35% өсіп келеді. 

Reuters ақпаратына сүйенсек, нарықтың өсуін компаниялардың технология шығындарын ұлғайтып жатыр. Жасанды интеллектіге инвестициялардың өсуі себеп болған. Сондай-ақ, мемлекет осы саладағы таланттардың әлеуетін арттырып жатқандығы әсер еткен. 

Қазір Үндістанда 420 мыңнан астам адам жасанды интеллект саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар елде жасанды интеллектіге қатысты білім беру саласы әлемдегі үздіктердің қатарына кірген.

Сондай-ақ оқыңыз