АҚШ Әділет министрлігі Ресейдің 700 миллион долларға жуық активтерін тәркілеуді ұсынды

Жарияланды
Ресей активтері
700 млн долларды құрайтын Ресей активтері бұзатталуы мүмкін \ Фото:

АҚШ Әділет министрлігі Ресейдің 700 миллион долларға жуық активтерін тәркілеуді ұсынды. Бұл жайлы «Ведомости» басылымы жазды.

Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан бері АҚШ Ресейдің 700 миллион долларға жуық активтерін бұғаттаған. Американың Әділет министрлігі сол қаражатты тәркілеуді ұсынып отырғанын АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд мәлімдеді.

«Біз санкцияға ұшыраған олигархтар мен ресейлік режимнің басқа жақтастарынан 700 миллион долларға жуық активтерін бұғаттадық, енді оларды тәркілеуді талап етіп отырмыз», – деді Гарланд.

Бұл қаражат тәркіленсе, нақты қандай мақсаттарға жұмсалатыны айтылмайды. Десе де, бұл қаражат Украинаға көмек ретінде берілуі мүмкін. Өйткен 2022 жылдың желтоқсанында АҚШ Сенаты ресейлік бизнесмендердің тәркіленген активтерін Украинаға гуманитарлық және әскери көмек ретінде беруге болатын түзетулерді мақұлдаған болатын.

Ресей Украинаға қарсы арнайы операциясын бастаған соң, Батыс елдері Ресейге қарсы ауқымды санкциялар енгізді. Салдарынан бұл елдердегі Ресей активтері толық бұғатталды. Оның ішінде Орталық банк пен ресейлік кәсіпкерлердің активтері бар.

Ресейдің қандай активтері тәркіленді?

Еске сала кетсек, өткен жылдың мамыр айында Меррик Гарланд ресейлік кәсіпкер Константин Малофеевтің активтерін Украинаға беруге рұқсат берген болатын. Сол кезде Гарланд «Ресейден тәркіленген бұл активтер – Украинаны қалпына келтіру үшін беріліп жатқан алғашқы қаражат. Бірақ соңғысы да емес», деп мәлімдеген.

Өткен жылдың маусым айында АҚШ Қаржы министрлігі Ресей олигархтарының 30 млрд долларға жуық активтерін бұғаттаған. Ал 2022 жылдың соңында бюджетке түзетулер енгізіліп, сенаторлар ресейлік бизнесмендердің тыйым салынған активтерін тәркілеуге мүмкіндік беретін түзетулерді бірауыздан мақұлдаған.

АҚШ Сенаты 2022 жылдың желтоқсанында ресейлік кәсіпкерлерден тәркіленген активтерді кәдеге жарату жағын қарастырды. «Тоң болған активтерді» Украинаға қарай бағыттап, гуманитарлық және әскери көмек есебінде жіберуге болатынын мақұлдады. 7 қыркүйекте АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ресейлік кәсіпкерлерден тәркіленген 5,4 миллион доллардың Украина ардагерлерін қолдауға жұмсалатынын айтты.

Өткен жылдың сәуір айында Зеленский Украинаны қалпына келтіру үшін Ресейдің шетелдегі 14,1 млрд доллар активтерін сұраған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз